Ескі автокөлік және ауру әйел - еркекті естен тандырады

Ескі автокөлік және ауру әйел - еркекті естен тандырады

Еркекті естен тандыратын екі дүние бар. Олар ескі автокөлік және ауру әйел. Менің үлкен ағам екеуімен де бай. Автокөлігі 197? жылғы, әбден соғылып болып, енді соғылуға да зауқы жоқ, жүргенінен тұрғаны көп, ал жеңгем ауру энциклопедиясы, ой Алла кірпігі де ауырады ғой (негізі ағам қатты жақсы көреді жеңгемді, ауру түгі жоқ 99% еркелік).
Әрдайым үйлеріне барғанда ағама: "Әйеліңді ауыстыр, болмаса машинаңның көзін құрт" деп ақыл айтам. Жеңгем мен келсем болды құлан таза жазылып зыр жүгіріп, погребке өзі түсіп, жаздай жапқан вареньелерінің 5-6 түрін шығарып шай береді. "Əйеліңді ауыстырды" естігісі келмейді-ау деймін. Осы жолы барсам, ағам үйін кеңітіп жатыр екен, жеңешем тіпті бөлек зырылдап жүр алдымда, "әй дәу де болса бұнда бір сыр бар шығар" деп іштей ойлап отырғам, елден естімесін өзім айтайын деді ме:
-Ой Реке, мына үйдің құжаттарын дұрыстап жүргенде байқадық, үйімізде 28 адам тіркеуде тұр екен, қызық болғанда тек сен ренжімеші ағаң жоқ екен тіркеуде,- дейді.
Ағам бұрылып қарасам, күлімсіреп екі көзі сүйікті жарының қыз қылығынан лаззат алып отыр екен. Ағамның маxабаттына қызықтым, іштей сүйсіндім де, "Тәуба, тіеркеу деген не-тәйір, жеңешем, сен аман болшы, ағама ескі машинасын , өзіңнің өтірік ерке ауыруыңды бір күлімсіреп ұмыттыра салатын, сені бере салған Алламнан айналдым, - деп бойымды билеген қуаныштан айғайлағым келді. Жеңгелерім аман болыңыздар!

Рашид Жақсылықов
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста