Ешкімнің тағдыры ойыншық емес. Барлық қиянаттың бір зауалы болары анық!

Ешкімнің тағдыры ойыншық емес. Барлық қиянаттың бір зауалы болары анық!

Өткенде Сарыағаштан қайтар жолда бір ауданға соққам. Әңгіменің этикалық жағын ескеріп, аудан мен кісі аттарын өзгерттім. Жалпы, бұл әңгіме қазіргі полицияда істейтін жігіттерімізге сабақ болсын, ойландырсын деген ниетпен жазып отырмын.
Кезінде бұл ауданда Төлебай деген участковыйдың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған екен. Қызметін асыра пайдаланып, істемегені жоқ дейді. Төлебайдың қиянатынан шырылдамаған жан, еңіремеген ер қалмапты. Әсіресе, жеңіл немесе жүк көлік жүргізушілерінің көрмеген құқайы жоқ. Бала-шағасына әкеле жатқан нәпақасын болмашы нәрсе үшін қанын ағызып сыпырып алумен болыпты. Ауыл ішінде арақ ішіп, жұдырықтасып қалған ағайындарды майшелпек қып әбден үйреніпті. Төлебайдың озбырлығы соншалықты, мұны да місе тұтпай, иесінің көзінен таса болған жылқы ұрлауды да кәсіп етіпті. Тоғайға жасырған малында есеп жоқ көрінеді. Жылқышысы момын жігіт екен. Бірде, Төлебаймен бірдеңеге келіспей қалып, оның қылмыстарын жайып салмақ болады. Қол астындағы қызметшісінен мұндай мінез күтпеген Төлебай ойланбастан жылқышысын атып өлтіреді. Сосын полицияға " жоғалып кетті" деп хабар береді. Ел болып, жылқышыны іздеуге шығады. Екі күн бойы сүзбеген сай-сала, орман-тоғай қалмайды. Екі күннен соң ғана байғұс жігіттің мәйіті алқаптан табылады. Іздеушілер бұл жерден бірнеше рет өткенін, бірақ мәйітті көрмегенін айтыпты. Сонымен, істі "марқұм өзіне-өзі қол жұмсады, атылып өлді" деп жауып тастайды. Жылқышының өзін-өзі өлтіретіндей еш сылтауы жоқ еді. Артында еңіреген ата-анасы, іркес-тіркес кішкентай үш баласы мен әйелі қалады.
Төлебай болса, бұрынғы жиіркенішті ісін жалғастырып, байыған үстіне байи түседі.
Арада 20 жылдай уақыт өтті. Бүгінде Төлебай суқараңғы соқыр екен. Бір минут дамыл таптырмай бүкіл дене-басы сырқырайтын көрінеді. Қаралмаған дәрігері, емшісі қалмапты. Нақты диагнозын ешкім қоя алмапты. Өзімен ғана кетсе бір жөн ғой. Әйелі бұдан үш-төрт жыл бұрын жаман аурудан көз жұмған екен. Екі ұлы бар екен. Оның үлкенін көлік қағып қайтыс болыпты. Екінші ұлының да бір проблемасы бар деп еді. Онысы есімде қалмапты.
Ал әлгі марқұм жылқышы жігіттің балалары бүгінде жетіліп, азамат болыпты. Үлкені тәуір қызметте, кішісі студент. Жақында жаңадан үлкен үй салып алыпты.
Ауыл тұрғындары "Құдайдың құдіретінде шек жоқ қой! Біреуге жасаған қиянатыңның азабын ана дүниеде емес, осы дүниеде көресің! Енді не болды? Анау дүние мен сансыз малдан опа таппады. Түкке де керегі болмай қалды! Бұл Төлебайға айтылған елдің қарғысы мен зауалы" деп отыр.
Бұл таба емес, тоба!
Ешкімнің тағдыры ойыншық емес. Барлық қиянаттың бір зауалы болары анық!

Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста