Етке тойып алған соң қалай жамандайсың?!

«Ұйқым келмейді...» демекші, бір алыс таныс әпкеміз жалғыз ұлын жұлдыз қылам деп біраз студияларды тоздырып, талай композиторларды үйіне шақырып ет асты ғой. Бір күні «Садықжан інісінің жаңа әні мен клипіне ойын білдіріп кетсе деп ет асып едік» деген сәлем жолдап жіберген соң үйіне бардық қой. Ән де, клип те, орындауы да қып-қызыл кринж енді. Кешегі әнші келіншектің арғы-бергі жағы ғой, шыны керек. Ол кезде ашпыз. Шақырса болды, барасың. Етке тойып алған соң қалай жамандайсың?! Не деп сын айтасың? Онымен қоймай, клипті көрсетуден бұрын декорацияға пәлен миллион жұмсадық, костюмдеріне түген миллион жұмсадық деп баса ескертіп қояды. Сөйтеді де, тек жақсы сөз күтеді. Не істейміз енді? Мақтап қайттық.
Сол балаға құдайдың көзі оң болған екен, бірақ ше. Уақытында сана беріпті дейм. Ақыры анасын тыңдамастан әлгі «өнер жолын» тастап кетті
Әліге дейін ырза болам да.
facebook.com парақшасынан





