Иә, әркімнің әке-шешесі өзіне қымбат...

Әріптестерім бірнеше күннен бері ҚМЖ-ң қолданыстағы формасы төңірегінде пікір таластырып жатыр..
Иә, ҚМЖ-ң қолданыстағы формасын тым күрделілендіріп жіберген деген ойдамын..
Дегенмен, құқықтық сана мектепте қалыптасатынын ескере отырып, алдымен білімді басқаруды бір ізге түсіріп алмаса, бәрі бекер...
Ел аузындағы қауесетке сенсек, өңірлердегі Білім Басқармалары жекеменшік білім ошақтарын жалаулатып ашқанмен, оларды қадағалау құқы шектеулі..
Оған дәлел, жекеменшік білім ошақтарын ашқан кәсіпкерлер қаласа білім ошағына әкесінің, қаласа әйелі мен енесінің есімін беріп жатыр.
Иә, әркімнің әке-шешесі өзіне қымбат..
Мүмкін жекелеген әулет үшін қымбат болуы мүмкін..
Бірақ, көпшіліктің баласы оқитын білім ошағының маңдайшасында елге қандай еңбек сіңіргені белгісіз, көпшілікке танымал емес адамның аты-жөні жазулы тұрғаны ең алдымен мемлекеттік идеологияға қайшы.
Бұл өскелең ұрпақтың санасына кері әсер етеді..
Атын қоюға араласа алмаған жергілікті билік, оның ішінде Білім Басқармасы Білім ошағының ішкі жұмысына араласа алмайтыны бесенеден белгілі.
Оның үстіне "мораторий" дегені бар..
Сонымен...
Қазақстандағы жекеменшік білім ошақтарын (бала бақша, мектеп, БиЛ, "Дарын", НЗМ) қаржыландыру көздері мен оларды қадағалау құқы бар мемлекеттік немесе тәуелсіз мекемелердің тізімін жариялаңыздаршы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті?
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





