Ішкі туризм даму үшін не керек?

Ішкі туризм даму үшін не керек?

Жалпы пандемия әлем бойынша біраз азаматтарды сыртқа саяхаттау мүмкіндігінен айырды. Енді өзге елге саяхаттап бару үшін пцр керек, кей елдердің шекарасы мүлде жабық, енді тіпті ковидқа қарсы вакцина алғаныңды дәлелдейтін паспорт қажет болуы мүмкін дейді. Бұл отандық туризм саласына мүмкіндік деп ойлаймын. Себебі әуресі аздау. Бірақ ішкі туризмді дамыту үшін не керек? Мен бұл сала бойынша маман емеспін, өз ойымды айтып көрейін. Сонымен:

1. ЖОЛ. Әрине бірінші баратын орныңа апаратын жолың жақсы болу керек. Селкілдеп, қос бүйрегің түсердей болып баратын демалыс орнының ғұмыры ұзақ болмайды. Оның үстіне машинаңды да аяйсың ғой. Темір тұлпарын қатынынан қатты жақсы көретін еркектер ондай жерге тіпті аяқ баспайды. Жолдан шаршап барсаң, демалысың да мәнді болмас. Себебі қайтқан сәтте тағы да жол соғатынын ескересің. Сөйтіп соңғы эмоциямен жақындарыңа, достарыңа "демалыс орны жақсы, бірақ баратын жолы быт-шыт" дейтінің анық. Сол себепті тақтайдай жол керек.
2. СЕРВИС. Өкінішке орай бізде жалпы қызмет көрсету сапасы ақсаңдап тұр. Біраз жерде. Кей қонақ үйде тіпті тапсырған затыңды екі сағатта алып келеді. Қызметкерлері әр қонаққа жылы-сыпайы жауап беруді ұмытып кететін жерлер де жоқ емес. Күлімдеп тұрудың орнына, қабағынан қар жауып, он жыл бұрын 5 биткойнға пицца жеп, соған өкінген жандай сұрланып отыратындары да бар. Бұл болмайды. Жылы-шырай таныту маңызды. Асты-үстіңе түсетін жерге адам бара бергісі келеді. Пенде психологиясы сондай ғой. Жауаптары түйеден түскендей болатын демалыс орнынан ауыр эмоциямен қайтасың.
3. БАҒА. Әрине бағасы халыққа жайлы болғаны абзал. Бізде кей демалыс орындарының бір күндік бағасы 90-100 мың. Орташа күндік баға 25-40 мың арасы. 25-40-қа келісуге болар, бірақ 90-100 мың теңгеге демалғанымша, үстіне тағы 150 қосып "Мысыр қайдасың" деп тартып тұруға болатын варианттар бар. Біз сияқты кедей қоғамға ең бірінші қызықты мәселе ол баға. Сондықтан оны да ескеру лазым. Сіңір үшін бірінші сападан гөрі баға маңызды. (Кедей қоғам екенімізге күмән жоқ шығар) Біздегі біраз демалыс орны өзіне бәсекелес болмағандықтан, қалаған бағаны ұра салады. Келген демалушының қалтасындағы соңғы тиынына дейін қағып алғысы келеді. "Ол ертең екінші рет айналып келуі мүмкін, туыстарын шақырады-ау" деген ой жоқ көбінде. Қысқа уақытқа жұмыс істейді, ұзақ стратегия жоқ сынды көрінеді.
4. ИНТЕРНЕТ. Бұл өте маңызды. Өте. Қазір біраз адам демалысын тек өзі ғана емес, өзгелер де көргенін қалайды. Сол себепті инстада тікелей эфир көрсетуді, сағат сайын история салуды жөн көреді. Ал егер сырттан турист келсе, оларға да бұл маңызды. Бірақ бізде табиғат аясындағы туристік орталықтардың көбінде интернетпен мәселе бар. Кейбірінде тіпті интернет жоқ. Бұл жаман. Бағасы удай болса да, wifiды сатып беретін қонақ үйлер бар. Мысалы бір күнге 2000-3000 мың төлейсің. Ол сен алған нөмір ақысына кірмейді. Бұл деген...
5. ЖОЛДАҒЫ СІЛТЕМЕ. Аз болса да біраз жерге барып жүрмін, бірақ Қазақстанда туристік орталықтарды сілтейтін жолдағы сілтемелерді көрмеппін. Мүмкін аңғармаған болармын. Көп елде үлкен болып тарихы, бағыты тұрады. Түнде жанып, көрініп тұрады дегендей. Олда керек шығар.
Қысқаша айтсақ "неге туризмді дамытпасқа. Неге жасамасқа, соны жасау керек!"

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста