Ислам нұры ешқашан сөнбейді
Аспанда жарқырап тұрған күннің үстіне жетпіс қабат немесе жетпіс мың қабат перде жапсаң да, оның нұры сөнбейді. Алланың діні Ислам да сондай.
Кейбір дым білместер немесе жүрегіне мөр басылған иманнан несібесіздер қанша жерден хақ дінге жала жапса да, Ислам Ислам күйінде қала береді.
Мейлі біреулер «террор», мейлі «ескіліктің ертегісі», мейлі «еріккеннің ермегі» десін, бәрібір хақ Ислам Қияметке дейін жарқырап жетіп барады.
Мұсылманмын деп жүргендердің өзі Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін бұрмалап кісі өлтіру мен қиянатты, ата-анасын кәпір санап байланыс үзуді, елін, жерін тастап шетел асып, қару асынып кетуді Ислам деп көрсеткісі келсе де, нағыз хақ Ислам еш уақытта сөнбейді, өшпейді.
Сондай-ақ осы дінді өміріне тірек еткен бір шоғыр адам да Қияметке дейін үзілмей, сетінемей жетіп барады.
СОНДЫҚТАН, біреулердің сөзіне, ісіне, мінезіне қарап Ислам жайлы жаман ойламайық. Біреулерді сылату етіп намаз-құлшылықтарымызды кешіктірмей, бастап кетейік, ағайын!
Facebook-тегі парақшасынан