Исламда неге адам Алламен тек арабша ғана сөйлеу керек?

Исламда неге адам Алламен тек арабша ғана сөйлеу керек?

Жай қарапайым пенде ретінде дін туралы кейде ойланасың. Христос еврей болғанымен мысалы ағылшындар өз Христосымен ағылшынша сөйлейді, еврейше емес. Сол сияқты поляктар Христоспен полякша сөйлей береді, испандар - испанша, гүржіндер - гүржінше. венгрлер - өз тілінде. Яғни Христос адамды кез келген тілінде түсіне береді.

 

Ал исламда неге адам Алламен тек арабша ғана сөйлеу керек? Алла сонда адамды тек арабша ғана түсінеді ме? Ол мүмкін емес! Алла тіпті адамның ойларын біледі емес пе?

 

Неге біз "Алла ақбар" орнына "Ұлы я мейірімді Алла" деп айта алмаймыз? Жалпы, неге Құранда жазылған сүрелерді қазақша оқымасқа? Сонда мәні барша халыққа айқын болады ғой? Неге Машалланың орнына "Құдайға шүкір" деп айтсаң, ол дұрыс емес деп есептеледі? Ауыз ашар мен ифтардың айырмасы неде? Мағынасы бір емес пе? Сонда неге бұны қазақша айта бермеске?

 

Мәселе мынада. Қазіргі таңда замануи исламизациямен пайдаланып кейбіреулер қазақты шын мәнінде арабтандыруға шақырып отыр. Он ғасыр бойы исламда жүрген қазақты исламмен қайта таныстырғысы келеді) Сонда Яссауи, Бухар жырау, Бекет, Мәшhүрді жоққа шығаруымыз қажет пе? Жоқ әрине.

 

Біз орыстандыру саясатынан әрең аман қалып енді арабтандыру саясатына батып кетпеуіміз жөн. Қазақтар Алламен қазақша сөйлесе де Алла бізді ұғады деп сенімдімін, өйткені Алла адамды кез келген тілде түсінеді. Алла біздің жүректерімізде. Ал жүрегіміз қазақ болып қала беру керек.

 

 

 

 

Мұхтар Тайжан

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста