Итке сүйек лақтырғандай қылып бұлай мазақ қылғанша арзандатпай-ақ қойса не қылады?

Өмірде алданып ақымақ болғаннан асқан қорлық жоқ шығар!((
Коммуналдық қызмет берушілер кімді алдамақ, а? Жалған уəде беріп үкіметті ме, тұтынушыны ма?
2019 жылдың басынан жарық, жылу, су арзандайды деп жаһанға жар салғаны қайда?
Атасының басы арзандатты!(
Аңқау елге - арамза молда!
Электр қуатының ақысын үш деңгейде төлейтінімізді білесіздер. Енді мынаны қараңыздар!
Бірінші деңгейдің əр квт.сағ. шаққандағы бағасы - 0,12 тиынға,
екінші деңгей - 0,62 тиынға,
Үшінші деңгей 0,77 тиынға арзандаған.
Осы ма арзандатқаны? Итке сүйек лақтырғандай қылып бұлай мазақ қылғанша арзандатпай-ақ қойса не қылады? "Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады" болды ғой!
Рас, əр куб метрге шаққандағы ыстық су ақысы 85 теңге 74 тиынға арзандапты. Есесіне жылу бағасы 64 теңге 78 тиынға өсіпті.
Сонымен кім ұтты, кім ұтылды?
Басқа аймақтарда коммунизм орнап қарық болса болып жатқан шығар, Алматылықтар сол ақымақ болған қалпында қала берді.
Гүлмария Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан





