Каникул мерзімін жаздың алғашқы айының ортасына дейін ұзарту дұрыс емес

Каникул мерзімін жаздың алғашқы айының ортасына дейін ұзарту дұрыс емес

Мектептерге 5 күндік оқыту стандартын енгізу туралы бастамамен толығымен келісемін. Пайдалы жақтары өте көп. Әсіресе, ата-ана мен баланың бірге болуына жақсы мүмкіндік жасалады. Баланың ешқандай нұсқаусыз-ақ жеке тұлғалық қабілетінің дамуына да бескүндік оқыту жүйесі жақсы әсер етеді. Бірақ, бескүндік оқыту жүйесіне көшуді ойластырған министрлік оқу жүктемесін толық игеру үшін оқушылардың каникул мерзімін ұзартуды көздеп отыр. Каникул мерзімін жаздың алғашқы айының ортасына дейін ұзарту дұрыс емес. Адамның психологиясы қоршаған ортаға толығымен тәуелді. Қоршаған ортада болып жатқан кез-келген климаттық өзгеріс адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Маусым айының ортасында Қостанай өңірінде 25-30 градус ыстық болып жатқанда Шымкент пен Ақтау, Атырау өңірлерінде 40 градустан асып жығылады. Маусымдағы 40 градус ыстықта аталған аймақтарда оқу процесін жүргізу мүлде мүмкін емес. Каникулға шығу мерзімін маусымның ортасынан асырамыз деген вариант жүзеге аспауы мүмкін. Жүзеге асырғанның өзінде жемісін бермейді. Ата-аналар тарапынан наразылықтар болады, оқушылардың сабаққа құлқы болмайды, денсаулықтарына кері әсер етеді. Менің бұл сөзімді Қара теңізден соққан ыстық желдің әсерінен оқу процесін бір айға кейінге шегерген Грузияның тәжірибесі толығымен дәлелдейді. Сондықтан бұл нұсқаны қарастырудың қажеті жоқ деп санаймын.
Оқыту процесін ұйымдастыру үшін көрші Ресей дәстүрлі тоқсандық жүйесінен бас тартып, семестрлік және триместрлік пен 5/1 жүйелерінің бірінше көшу туралы ұсыныс жасаған болатын. Мектептерде тәжірибелер жасалып, көптеген мектептер дәстүрлі тоқсандық жүйеде қалуды ұсынды. Енді бірі 5/1 жүйесіне көшуді ұсынды. Ал, семестрлік пен триместрлік жүйені баланың денсаулығы көтере алмайтындығын дәлелдеді. Дәстүрлі тоқсандық оқыту жүйесі өзімізге белгілі. Ал, 5/1 жүйесі бойынша оқыған оқушылар әрбір 5 апта сайын 1 апталық каникулға шығып отыратын болады. Ресейлік мамандар бұл жүйені де тиімді деп тауып отыр. Бізге де осы жүйені пайдаланып көруге болады. Себебі, бала организмі тыныштық көруі керек, демалыс, үзіліс, өзгеріс қажет. Бұл жалпы адам табиғатындағы дүние (қажеттілік). Сондай-ақ, Қазақстан аумағының түрлі сағат белдеулерінде болуына байланысты Қызылорда, Қостанай облыстары үшін сабақтардың басталу уақытында да қайта қарау керек. Бұл жағдай да аталған облыстардағы оқушылардың денсаулығына әсер етеді. Сонымен қатар, сабақты уақыт белдеулері бойынша бастайтын болсақ энергияны үнемдеуге де мүмкіндік туады.
Ал, каникулға шығу уақытын жаздың ортасына дейін созбай, дәстүрлі түрде мамыр айында шығудың жолын қарастыру үшін оқушылардың оқу жүктемесін азайту керек. Жалпы білім беретін мектептерде бейіндік оқыту (бағдарлы оқыту) жүйесіне 10 сыныптан бастап емес, 8 сыныптан көшуді ойластырған жөн. Осы арқылы біз баланы бейімі бойынша оқытып, оған қажеттілігі аз, аса маңызды болмайтын пәндердің жүктемесін шектейміз (химияға бейім оқушы үшін аптасына 3 сағат тарихты, 5 сағат тіл мен әдебиетті оқытудың қажеті шамалы). Сол арқылы оқушыларға берілетін стандартты оқу жүктемесін азайтып, каникулға өз мерзімінде шығаруға болады.

facebook.com

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста