Кәсіпкер болу үшін, алдымен ұрлықты қалай жасауды үйрену керек

Кәсіпкер болу үшін, алдымен ұрлықты қалай жасауды үйрену керек!
"Суретшілер сияқты ұрла", "Кради как художник" деген кітап бар интернетте. Жазба нұсқасын, аудио нұсқасын да жүктеп алып оқуыңызға болады.
1995 жылдары ет комбинатын сатып алған соң, шұжық цехын ашу керек болды. Барлық технологияны Семей ет комбинатынан және Ресейдің шұжық цехтарынан ұрладық
1997 жылы тон тігетін цех аштық. Бірден Стамбулда өткен көрмеге қатынасып, содан кейін тері өңдейті заводтарын аралап, дизайн, технологияны түріктерден ұрладым.
1998 жылы Павлодардағы жихаз фабрикасын алған соң Миландағы жихаз көрмесіне барып, каталогтар алып, фабрикаларын аралап жихаздың модельдерін, технологияны Италияндықтардан ұрладым.
Өзімді ойдан түк ойлап шығармайтын, бір ұры адамдар сезініп жүрдім. Бірақ осы кітапты оқыған соң ұятым тынышталды. Барлық әлем солай істейді екен ғой))
Кәсіп жасағыңыз келсе, осы кітапты жүктеп алып оқып шығыңыздар да, сіз де "ұрлаңыз".
Ахметбек Нұрсила
Facebook-тегі парақшасынан





