Кейде бізді жалған намыс пен өтірік патриотизм құрта ма деп қорқамын...

БІЗ ҚАЙТЕМІЗ?
"Гонконгтағы 3 млн халық Ұлыбританияға көшем десе, мархабат" деді Борис Джонсон. Негізі ол тек қана гонконгтықтарды қолдау емес, сонымен қатар үлкен стратегия да. Гонконг бай, әрі жастары өте білімді. Жоғары технологияны Джинн шемішкесіндей шағады. Былайша айтқанда ақылдылар ағынын заңды түрде жасап алмақ. Яғни утечка мозговты айтамын.
Ал енді бізге осы гонконгтық жастардың бір мыңы көшіп келемін десе, біздің қоғам қабылдайды ма? Олар демократтар, адам құқығы дегенді жақсы түсінеді және қолдайды, дін, сөз еркіндігі дегенді жоғары қояды. Өте білімді. Қытайдағы концлагерьлерді қатаң айыптаушылар. Бірақ ұлты қытай. Енді біздің қоғам олардың жоғарыда айтылған мықты қасиеттеріне қарап, білімін пайдаланып қалайық деп көшіп келуіне келісе ма, әлде тек "ұлты қытай" деген графаға қарап, бірден бас тарта ма? Біз қайтеміз? Менің ойымша екінші нұсқа болады. Халық "қара қытай құрысын" деп ұрандайды.
Әрине, бұны тек мысал үшін айтып отырмын. Олар бізге көшіп келгісі де келмейді, тіпті Қазақстанның қайда екенін де білмейтін шығар. Жалпы қоғамның психологиясын сипаттау үшін мысал еткенім ғой.
Кейде бізді жалған намыс пен өтірік патриотизм құрта ма деп қорқамын. Менің көзқарасымда патриотизм деген еліңе пайда тигізетін барлық мүмкіндікті, барлық ресурсты, барлық адамды пайдалану, тарту.
ПыСы: Постты түсінгендер түсінді-ау. Ал түсінбегендер болса, "қытайшыл"(Қытайды суқаным сүймейді), "анаушыл" деген арық суындай таяз деңгейдегі пікірлерге жол ашық)
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан





