Келер ұрпақ бақытты ма? Келген бақты бастан теппей ме?

Келер ұрпақ бақытты ма? Келген бақты бастан теппей ме?

Менің заманым қалай болғанда да әкемнің заманынан жақсы болды. Әкем Нұрсила, болыстың баласы, жалаңаяқ қанішер большевиктердің құрығынан 1928 жылы 2 жасында анасымен Қытайға қашып құтылған болатын. 1955 жылы елге қайтты. Қытайда сақшының оқуын оқып, офицер болып жұмыс істеген. Елге келген соң мал бағуға мәжбүр болды. Таудай талантын ақ қойдың соңында жүріп жерге көміп кетті((.
⚡️⚡️⚡️
Оның әкесі Нұрсила туған жерінен қашып, бар дүниесінен айырылып, Қытайға барып күн көрді, сүйегі де сонда қалды. Оның әкесі Жұмабай ояздың жарлығымен Сібірге ит жеккенге айдалып кетті. Одан арғы аталарымыз да қым қуыт, қиын заманда өмір сүрді.
⚡️⚡️⚡️
Менің балаларымның өмірі менікінен қарағанда әлдеқайда жақсы, жеңіл, Менде болмаған ұшан-теңіз мүмкіншіліктері бар. Бәріңіз де осылай айта аласыздар..
⚡️⚡️⚡️
Дәл қазір Қазақстандағы өмір сүріп жатқан жастардың қолында кереметтей бақытты қоғам құра алатындай мүмкіндік бар. Егемендік өзі келе салды. Ғылым білімге жол ашылды.
⚡️⚡️⚡️
Алаш ардақтыларының өмірлерін тереңірек үңіліп зертесеңіз олар осындай кезеңді бар жандарымен аңсап, арыстанша арпасып, өмірлерін қиып еді. СССР деген түрме құлады да, бәрі өзі келе салды. Олар «Европаның білімін, ғылымын, мәдениетін игеріп, Қазақтың тілін, дәстүрін, салтын сақтап Жапония секілді мемлекет құрамыз» деп армандап, бар Қазақтың басы қосылған бірінші, екінші сьездерінде декларация қабылдап еді..
⚡️⚡️⚡️
Бірақ қазіргі ұрпақ ғылым-білімнің емес, қараңғылықтың жолына түсіп, асқан жылдамдықпен Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия, Йемен секілді мемлекеттердің жолымен кетіп бара жатыр. Алаш ардақталары күндіз түні армандаған бақ келіп еді, басынан тебетін секілді келер ұрпақ(((
⚡️⚡️⚡️
Cізде ондай қорқыныш бар ма? Алаш ардақтылары нені аңсады? Жоспарлары қандай болды? Біздің болашақ қандай болады деп ойлайсыздар?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста