"Келінге келін болу" деген философияны түсінген сияқтымын...

"Келінге келін болсаң жағасың" деген сөз бар. Сіздер де естіген боларсыз. Сол сөзді жас кезімде түсінбейтінмін. "Келіннің алдында мамамыз басын көтеріп, келінді жұмысқа салып, керек болса ұрсып қою керек" деген ойда болатынмын. Апаларымыздың келіндерге нәзік сөйлеп, анасындай болуға тырысып, "церемонится" еткені ызаландыратын.
Бірак өткенде, 1970-1980 жж дүркіреп тұрған басшының төсек тартып қалғанын, сол кісіні келіні асты-үстін жуып отырғанын естігенде, мен "Келінге келін болу" деген философияны түсінген сияқтымын.
Күш қайнап тұрғанда, дәуренің жүріп тұрғанда, асау аттай осқырынып тұрғаныңда ажалды ойламайсың, ал ойласаң да "қалай кетемін" деп ойламайтының 100%. Балаларың мен немерелеріңе ақыл айтып, жылы төсекте кәлимаңды айтып, бәйбішеңді қолынан ұстап сылқия қаламын деп ойлайды көбісі. Бірак өмір қатал және болжауға келмейді.
Сондықтан келіндермен жақсы болған дұрыс сияқты. Уақыт өтеді. Келін деген инвестиция сияқты ғой. Келін-Депозит. Келінге жақсылықты сала берсең, ертең сол жақсылық саған қайтып келеді. Надеюсь ...
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан





