Кезіндегі әнші әйелдер бүгінде құдайдың Қазақстандағы елшісі сияқты, шетінен исламтанушы

Әлеуметтік желіде уағыз соғатын ислам-имантанығыштарды тоқтататын заң керек ау.
Сақалдылардың талағынан таяқ жеп, депрессиядан әліде толық айыға қоймаған қыз-келіншектер аздай, әлемжеліде тұрақты уағыз соғатындар көбейіп кетіпті. Жұмаққа баратын жолдаманы таратушылардай.
Бас муфти діннің иірімдерінен, құранды қатесіз оқудан омақасып жатқанда, жол ортадан қосылған шала пұшықтарда қосарланып қаптап кетіпті.
Кезіндегі әнші әйелдер де бүгінде құдайдың Қазақстандағы елшісі сияқты, шетінен мұғжизашыл, пайғамбартанушы, исламтанушы. Өздері толық түсінбесе де тәкпірден тебірене төгіп жатады.
Спортшыларда жаппай діншілденіп кеткен, төрт тал сақалмен тәубәшіл. Ұлттық құрамадағы спортшылар құдды бір арабияның командасы сияқты.
Екінің бірі қажы, Мекке-Мадинаға құлшылыққа емес, музей аралауға барғандай.
Кішкентай қыз балаларын орап тастағандарды көрсем шатырым таяды мүлдем, боқтап тұрам іштей.
Клиенттеріне көк жилет, сұр жилет кигізген Амангелділер де қазақтарды жаппай қажылыққа тартып әлек.
Қай ағымның "ағысы" күшейіп, кімге қаржы әкелетін турфирманың дәурені дүрілдеп тұр?
Әмірболат Құсайынұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





