Кім айтты қазақ жалқау, надан болған деп? Ал көріңдер мына затты...

Кім айтты Қазақ жалқау надан болған деп? Ал көріңдер мына затты. Бұл әшекейлер осыдан жүз елу жыл бұрын жасалған жасаулар. Осы методта жасауға жапсыруға, шытыра басуға кейінгі үлгідегі зергерлердің өзі жете алмай келеді. Көне көз жәдігер бұйымдар әлі өңін бермеген. Зергерлік деген ең қиын жұмыс, көз майың кетеді, жүйке керек. Ептілік және бай фантазия туындау керек осылай. Атам заманнан Қазақ ұста, зергерлікке бейім халық. Көшіп қонса да мәдениеті жоғары халық. Мал сойса да ең таза соятын халықпыз. Жіліктеп бөліп безін алып шаң жұқтырмай кептіріп. Асып көбігін алып. Май шайқаса тортасын қайырып қылын алып. Құрт қайнатып саба пісіп. Ши тоқып, кереге уық иіп сүйек қайнатып сап жасап жүрген Ұлы халық Қазақ.
Айдос Токтарбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





