Кімде кімнің бір ғана әйелі болса,...

• Ибн Сина: "Кімде кімнің бір ғана әйелі болса, оның денесі мен денсаулығына сынақ келіп, жігіттік шағында кәрілік келеді, арқасы, желкесі және буындары ауыратын болып, жүзінен нұры кетіп, көп шағымдана беретін болады".
• Қади ибн Абимасғуд: "Жалғыз қатыны бар адам Қазы болуға, адамдардың арасында үкім жүргізуге жарамайды".
• Ибн Хаян әл-Таухиди: "Менің заманымда бір қауым болатын – бір ғана әйелі бар еркектерді өздерімен отырғызбайтын, оларды адамдардың ең сорлысы деп санайтын".
• Ибн Халдун: "Құрып кеткен халықтарға назар салдым (не үшін олай болғанын зерттедім) – сөйтіп, олардың тек бір ғана әйел алуға дағдыланғанын байқадым".
• Сахиб ибн Аббад: "Атақты адамдарды көрдім, олар: бір кісі дүниеден өтті, оның астында мынадай әйелдері болған еді деп, санап шығатын. Ал егер жалғыз әйелі бар кісі дүниеден өтсе: ол дүниеден өтті де, үстінде жүретін бір қатыны қалды дейтін".
• Әл-Абид ибн Мисар: "жалғыз қатыны бар еркектің құлшылығы түзу боламайды".
• Мамун ибн Харун Аррашидке: Басра қаласында бір қауым бар, олардың еркектері бір ғана әйел алады екен - деген кезде, Мамун: "Олар еркек емес, еркекті еркек қылатын – оның әйелдері. Ал жоғарыдағы адамдар сүннетке және табиғи адам болмысына қайшы келгендер".
• Ибн Юнус әл-Музниден сұраған екен: Не үшін яһудилер мен христиандар бір ғана әйелге үйленеді деп, сонда Ибн Юнус: Олар Алланың ашуына ұшырап, пешенелеріне бейшаралық пен қорлық жазылған қауым – деп жауап берген.
• Әбу Мағруф әл-Курхиге сұрақ қойылыпты: Бір ғана қатынға үйленіп, тақуалық етемін деген кісілердің үкімі қандай?, сонда ол кісі: ешбір үкім жоқ. Олар жындылар. Қанша тақуалық етсе де Абу Бакр, Омар, Осман және Алидің тырнақ кіріне де татымайды – деп жауап берген.
• Ибн Файяд деген ғалым жалғыз қатыны бар еркектер жайында сұралғанда: "Олар – жеп, ішіп, тыныс алып жүрген өліктер" – деп жауап берген.
• Тақиюддин әл-Музни Самарқанд қаласына Шариғи үкім шығарушы ретінде барған кезінде, оған: мына жердің халқында еркектері бір ғана қатынға үйленеді екен - деп айтылған. Сонда әл-Музни: Олар мұсылмандар ма өзі?-деп күмәнданған екен. Сосын уағыз жүргізіп, оларды тура жолға салып, бір ай өтпей 3000 неке қиған. Қаланың барлық қыздары да, жесірлері де күйеуге шыққан екен.
• Имам әл-Хасри айтады: "Алла тағала құранда үйлену туралы айтқанда: екеуден, үшеуден, төртеуден деген, бір әйел туралы айтпаған. Өйткені жалғыз қатын алу еркектердің толыққандылығына және кәмілдігіне нұқсан келтіреді".
Байсары Ахметжанов
Фейсбуктегі парақшасынан





