Кино саласындағы былық-шылықтарды жазсам, зəрелеріңіз ұшып кетеді...

Кино саласындағы былық-шылықтарды жазсам, зəрелеріңіз ұшып кетеді...

Netflix сервис компаниясы "Түркістан" фильмін 150 миллион долларға түсіріпті. Таңқаласыз, жай ғана сервис компания тарихи емес, қазіргі замандық оқиғаларды түсірудің өзіне ғана 150 миллион жұмсапты! Ал төрт жыл түсірілген "Қазақ Хандығы. Алмас Қылыш", Қазақ Хандығы. Алтын тақ", 20 сериялы "Қазақ Хандығы" тарихи телесериалы - осы үлкен төрт киножобаның бəріне жұмсалған барлық қаражат 10 миллион долларға да жетпейді. "Томирис" фильмінің де бюджеті өте жұтаң. Бірақ соған қарамастан, патша көңілді көрермен "Голливуд" деңгейінде түсірілген фильм көргісі келеді. Бірақ голивудтық деңгейде фильм түсіру үшін сол деңгейге жету керек қой. Ол деңгейге қалай жетеміз, бұған ешкім басын ауыртқысы келмейді.
Қазір не істесең де қазаққа қазақтың істеген ештеңесі ұнамайды, өзімізден өзіміз жерініп біттік. Ұнамайтындардың ішінде кино да бар. Қазақ киносы - қазаққа ұнамайтын бір дүние ретінде қара тізімнің басында тұр қазір.
Бір фильм шықса "Ойбай, бұл не деген масқара, далаға кеткен есіл ақша" деп əлеуметтік желілерде зар жылай жөнелеміз. Сондағы қазіргі түсіріліп жатқан қазақтың бір көркем фильмінің тұтас бюджеті голливудтық ортан қол бір актердің гонарарын төлеуге жетпейді. Өстіп отырып қазақстандық режиссерлерден шедевр күтеміз.
Бір жылдан бері "Қасым хан" фильмін түріктер түсіретін болды, өйткені қазақтар кино түсіре алмайды деп шуластық. Атақты "Ертұғырылды" жарыққа шығарған Гюнайдың өзі түсірейін деп жатыр деп желіктік. "Қоянның бойын көр де, қалжасынан түңіл" деген Гюнай "Қасым ханның" күлкілі бюджетін көрді де бас тартты, түсірмейтін болды. Өйткені Гюнай ақымақ емес, "Қазақфильмге" екі-үш рет келді, байқастады, кино түсіретін түк база жоқ екенін көрді, көрді де тайып отырды. Себебі Гюнай біздің Рүстем Əбдірашев сияқты 5 миллион долларға төрт жыл бойы арып-ашып, қайыршылап жүріп фильм түсіретін жанкешті режиссер емес, Гюнайға көп гонорар қажет, əрине денсаулық керек. Ал мына заманда кино түсіру алдымен денсаулықтың соры. Əсіресе қазақтың тарихи фильмдерін түсіру үшін жүйкең темірдей, өзің есектей көнбіс, көнтерілі, ит жанды болуың керек. Өйткені мына заманда елдің бəрі шетінен тарихшы, білгіш, шетінен киносыншы болып кеткен. Қазақ үйіне келген сантехниктің жұмысынан мін тауып, сын айта алмауы мүмкін, бірақ киноға келгенде қазақтан асқан сыншы жұрт жоқ. Əйтеуір бір теріс пікір айтып қалсам, сын айттым деп ойлайды. Бірақ қазақ киносының жағдайы не боп жатыр - бұл күнде ол ешкімді толғандырмайды. 21 ғасыр қазақ киносының алдына үлкен-үлкен проблемаларды көлденең тартып отыр. Бұл мəселелерді шешпей ешқашан жақсы фильм жарыққа шықпайды. Бірақ мұны шешу, тіпті мəселе қылып көтеру ешкімнің қаперіне кірер емес.
Солардың бірі - кез келген фильм түсіру үшін əуелі жағдай жасалуы керек, ал ол жағдай жасалмай ешқашан тəуір фильм түсірілмейді. Қазір жеткілікті қамқорлықтың жоқтығынан "Қазақфильм" маңайында да жақсы режиссер, жақсы сценарист, жақсы оператор, суретшілер тағы басқа кино мамандар қалмауға айналды. Шынын айтсақ, қазір "Қазақфильмде" титр жазатын маман қалмады. Өткенде киностудиядағы қазақ тілді мамандардың түгелі жаппай қысқартуға ұшырады. "Неге қысқартылды, бұл мамандарды қалыптастыру үшін ұзақ жыл керек қой" дегенге еститінің бір-ақ жауап: "Ақша жоқ!" Айтпақшы титр теретіндер де сол қысқарғандардың ішінде кетті. Мұның бір дəлелі "Томиристің" қазақша титрін түзейтін маман табылмай, экранға кешігіп шығуы.
Ал сіздер "Голливуд" деңгейінде түсірілген кино көргілеріңіз келеді.
P.S Жəй əншейін мына бір ақпаратты бөлісіп отырып, жаза салдым. Əйтпесе кино туралы мəселе көтерейін деген ойым жоқ еді. Бірақ кейде кино саласындағы болып жатқан проблемаларды, былық-шылықтарды жазғым келеді. Жазсам, зəрелеріңіз ұшып кетеді бар ғой...

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста