Көкке табынған көкбөрінің ұрпағы неге соғұрша тексіз боп кеткен?

Түрікті түркі деп жазғанды доғару керек. Қазақ та - түрік.
Түріктер де жеке өздері ғана түрік емес. Олар да түріктектестердің бірі ғана. Қазақтар да түріктектес. Орыстар кезінде көк түріктің ұрпағын жан-жаққа бөліп өзара алшақтатып, бөлшектеп билеу үшін Түркия түріктерін "турок", Турция деп, басқа түріктектестерді "тюрки" деп ататқызып, орысқа сатылған қазақтың коммунистері османлы анадолылықтарды түріктер, қалған барлық түріктектес ұлттарды түркілер деп кеңестік құлдарының құлағына сіңіріп қалыптастырған.
Түріктер Мұстафа Кемал дəуірінен бастап өздерін түрік деп атаған. Оған дейін түріктің оғыз бұтағынан тараған анадолылықтар өздерін османлы деген. Атататүрік кезінде тегін дұрыс танып, араптанудан арылып, өз атауын жаңғыртқан османлылардың ерлігі бас июге тұрарлық.
Бұдан былай барша түріктектестер (түріктер) "түрік" атауы сол атауды меншіктенген бір ұлттың ғана аты емес дегенді ұғып, бір-бірінен жатырқамау керек.
Қазақтың қыпшақ руы да Дешті Қыпшақтың дара мұрагері емес.
Монголоид нәсілдің атасы монголдар емес.
Дəл сол сияқты өзін түрік деп атағаннан боп Түркия түріктері қазақтың ағасы боп кетпейді. Онсыз да барша түріктің қарашаңырағы қазақ екенін бәрі біледі де, мойындайды. Қазақтың жалғыз кінәсі -тілінен айрылып қалғандығы. Тілін түзетсе бәрі орнына келеді.
Мына қызықты қараңыз! Тарихты қолдан жасап, ойдан шығару барысында оқиғаны ғана емес, ұлттың да, жер-судың, адамның аты-жөндерін де бұрмалай салатын кеңестік ғалымдар кейде орыстардың қатаң тапсырмасын ұмытып, "ік" мен "кі"-ні ауыстырып жазбай кетіпті! Жаңғалақ ғалымсымақтар Көктүрікті Көктүркі деп жазбаған. Ұмытып кеткен. Себебі Көктүріктер қағанатының жалпы түріктектестерге болмаса Анадолы жеріне қатысы жоқ. Көктүрік кезінде онда түрік мемлекеті құрылмаған. Орыс пен кеңестің логикасына сай оның аты Көктүркі болуы тиіс еді?!
Кезінде түрік десе ата жау капиталистер, түркі десе солардың және олардың Кеңес Одағындағы жалаңаштар, бауырлас, туыс болса да "ең дұрыс идеологияның батырлары", түріктердің жаулары, түріктектес ұлттардың ежелгі ата-бабалары мен социалистік лагерьге қарасты "періште" түріктектестер деп ұғылатын-ды.
Империя бізді осылай бір-бірімізден адастырып, жатырқатты. Қазіргі мәңгүрттердің түрік пен саха, ноғай мен башқұрт, қырғыз бен өзбектен гөрі орысты жақсы көретіні содан. Ол орыстың жақсылығынан емес, түріктектестерді бөтен деп жек көрсетіп үйреткен орыстың тәрбиесінен.
Айтпағым, Евразия алқабын тұтастай иемденген түріктектес түрік халықтар орыстың жапсырма атынан бас тартып, барлығы "Біз - түрікпіз" деп айтып, жазып үйренсе бауырлас, туыс түрік әулетінің мүддесі де бір арнаға тоғысар еді.
Көкке табынған көкбөрінің ұрпағы неге соғұрша тексіз боп кеткен? Өз атын өзінше атай алмайтындай не болған бұл түріктерге? Түрік деп атағаннан тарихи дерек қалпына келмесе қайта бұзылмайды.
Samat Nasir Qazaq
Фейсбуктегі парақшасынан





