Көңіліміз бір атым насыбайдан қалатын қазақпыз дейміз...

Құмарыңды қандырып, көңіл-күйіңді кетіріп, есіңді алатын есірткілік қасиеті бар болса, шариғат тыйған мұндайды. Бір жай бар, байыз таптырмайтын бізді.
Түрікменстанда насыбайды өндіруге, сатуға, пайдалануға, сырттан алып келуге тыйым салған арнайы Заң бар. Айыппұл көлемі 80 доллар. Ал, бізде ше? Қатаң бекітілген Заң жоқ. Болса деген ой туады, баяғы. Улы затты ұлттың ертеңі болар ұрпағы да жасынан қағынды атып. Қазір мектеп оқушылары іздеп жүріп табатын тауарға айналды «ауыз уы». Жасыратын түгі жоқ, аузы былжырағандар үстелінің астын түкірігімен былғап, сабақ үстінде есалаң күйде есеңгіреп, текірейіп тұратын болды. Қасірет қой бұл. Ауылдағы жастардан көргенім – осы. Көрдім де, жирендім. «Көңіліміз бір атым насыбайдан қалатын қазақпыз» дейміз кейде, сол насыбай бір ғана адамның емес-ау, түгелдей ұлтқа қауіп төндіріп тұр.
Алмат Әбдіраман
Facebook-тегі парақшасынан





