Көптеген адамдардың неге сүреңсіз, бейшара, кейде тіпті сорлы өмір сүретінін ұқтым

Көптеген адамдардың неге сүреңсіз, бейшара, кейде тіпті сорлы өмір сүретінін ұқтым

ІШКІ ҚУАТ пен АРМАН-МАҚСАТ

Көптеген адамдардың неге сүреңсіз, бейшара, кейде тіпті сорлы өмір сүретінін кешегі Аламанның кезекті тренингінен ұқтым. Бұл өмірді барлық адам баласына тең мүмкіншілік берген, бірақ әрқайсысы әр түрлі биіктерге шығады. Басты, тіпті жалғыз себебі- біреуінің ішкі қуатын жандырып, тыным бермей алға жетелейтін НАҚТЫ, АЙҚЫН АРМАН- МАҚСАТТАРЫ бар да, екіншілерінің АРМАН- МАҚСАТТАРЫ не жоқ, не болмаса жалған, көмескі. Не болмаса құр орындалмайтын қиял!
Армандау жайлы сөз қозғамаған ойшыл, ақылмандар болмаған болар. Соның ішіндегі Л.Н.Толстойдың айтқаны маған өте дәл көрінді.
"Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ" Л.Н.Толстой
Жарты күн бойы АРМАН-МАҚСАТ жайлы түсінік беріп, артынан сұрағанда көзім жеткені НАҚТЫ, АЙҚЫН ішкі қуатын жандырып тұратын АРМАН-МАҚСАТЫ бар адамдарды 400-ден аса Аламанға қатынасушылардың бірен-саранынан, 4-5%-ын ғана көре алдым. Аламанға жиналған шабандоздар халықтың бір бөлшегі ғой, демек бұл көрсеткіш бүкіл халықтың көрсеткіші десе болады.
Адамға ТАЛМАС ҚАНАТ біту үшін, ІШКІ ҚУАТТЫ жандыру үшін 1-нші шарт - ол АЙҚЫН, НАҚТЫ АРМАН- МАҚСАТТАРЫН анықтап, тауып алу! Онсыз алға басу да, даму да, тірлік те жоқ десе болады..
35 ке келген бір жігіт: «Мен өлең айта аламын, енді сол қабілетімді жетілдіріп ұлы әнші болып, халыққа танымалдығым артып, сол арқылы бай болсам» деп армандайды екен. Көк сарайдағы барлық халық «Арман емес, бұл құр орындалмайтын Қиял» деп баға берді. Енді бір азамат «Ағылшын тілін еркін меңгерсем» деп армандаймын дейді. Не үшін деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Көпшілік бұны «Алға жетелемейтін, ІШКІ ҚУАТТЫ жандырмайтын жалған Арман мен Мақсат» деп бағалады..
Ал сізді ІШКІ ҚУАТЫҢЫЗДЫ жандырып тұратын, ТАЛМАС ҚАНАТ бітіретін, тыным таптырмайтын, көзіңізді жандырып тұратын НАҚТЫ, АЙҚЫН АРМАН МАҚСАТТАРЫҢЫЗ бар ма? Ол қандай АРМАН- МАҚСАТТАР?
Оның орындалмайтын құр қиял немесе ІШКІ ҚУАТЫҢЫЗДЫ оята алмайтын әшейін жалған мақсат емес екенін немен дәлелдей аласыз?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста