Көшеден қуалап жүріп ұстап, қолын кісендеп әскерге әкетіп жатыр

Кешелі бері фыбыда әскердегі әлімжеттік туралы жазылып жатыр ғой.
Қорғаныс министрлігі жас жігіттерді қылмыскерді ұстағандай көшеден қуалап жүріп ұстап, қолын кісендеп әскерге әкетіп жатыр. Осы жағдайды әлеуметтік желіде көтергенде "Әр ер азамат отанын қорғауы тиіс" деп жауап беріп, бұл әлімжеттікті әлде де жалғастырып жатыр. Әлімжеттікпен әскерге алып кеткен офицерлер әскерде де сол әлімжеттікті жасайды және өзгенің жасауына жол беретіні бесенеден белгілі.
Қорғаныс министрлігі бұлай ит қуалағандай қылып әскерге алып кетіп жатқанша, ең алдымен әскердегі әлімжеттікті тыйсын. Сол кезде ер азаматтар өздері-ақ барады. Әйтпесе, анадан ұл туса құл болам деп тумайды, анадан қыз туса күң болам деп тумайды. Ешкім әскерге барып, чмо болып, "қыз болғысы" келмейді. Ешкім ұлының бейбіт күнде табытпен оралғанын қаламайды. Әлімжеттікті тыя алмай ма, онда көшеден қуалап жүріп, әскерге алып кетуді қойсын және Қорғаныс министрі Жақсылықов "кушып" кетсін.
Уа, еститін һүкімәт, еститін болсаң осы уәжімді есіт және іске асыр, бұл жазғаным ұнамай ма, онда бәрің "кушып кетындер"
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан





