Күніңіздің әр сәтін бағалаңыздар

Сіздің егер іздейтін болсаңыз назарыңызда ұстайтын керемет нәрселер жетіліп артылады: Сіз тәуелсіз елде, өз ата-бабаңыздың жерінде өмір сүріп жатырсыз. Сіз тірісіз, достарыңыз бар, сізді бағалайтын, жақсы көретін жақын адамдарыңыз бар, т.с.с. 100 000 түрлі сізді қуантатын, жақсы көңіл-күй сыйлайтын нәрселер бар. Тек оларды көре білу керек, назарда ұстай білу керек.
⚡⚡⚡
Күніне кемінде 30 рет: "Менің ойым, назарым қайда тұр? Менің ойым жақсылықта ма, жоқ проблемада ма?" Содан кейін: "Менің тәнім қандай жағдайда? Бет-әлпетім қалай болып тұр? Еңсем көтеріңкі, көзімнен от ойнап тұр ма, жоқ мұң көрініп тұр ма?" деп өзіңізге сұрақ қойып әдеттеніңіз. Сонда ғана өміріңізді, уақытыңызды, күніңіздің әр сәтін бағалайтын боласыз.
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





