Махаббат деген құдыретті сезімді пайызға бөлетін болған ба?

Бес күн мерекеде не істейсің? Телефон шұқылап, әлеуметтік желіде шырша айналып суретке түсіп, тілек айтқан ағайынды оқисың. Одан қалса анда-санда қосылатын телебезерді көресің. Құдай-ау, түк те өзгермеген мерекелік бағдарламалар...Қай арнаны қоссаң ыржиған Тұрсынбек...қиқу-қиқу ән...Сөзін түсініп болмайсың. Былтыр бірер мысал келтіріп сынап едік, биылғысы тіпті сорақы.
"Мен сені 100 пайыз жақсы көремін " деп еміренді бір әнші. Масқара! Енді бұл қулар махаббат деген құдыретті сезімді пайызға бөлетін болған ба? 10 пайыз сүю, 45 пайыз, 74 пайыз...
"Сен қорқақсың! Келе алмайсың! Қорықпасаң неге алдайсың?" деп күжінді тағы бір әнші. Атаңа нәлет-ай, ғашықтық сезімін астарлап, әп-әдемі жеткізетін халықтың ұрпағы едік қой! Мынауың не?
Құрысыншы! Құлақты басып, тыныштық іздеп кеттік. Таптым. Жан рахаты осында екен! Енді ән тыңдамайтын шығармын...
Арман Сқабылұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





