Медтексеру әділ жүрсе, талай оқушы оқшауланып, талай педагог жұмысынан айырылар еді..

Петропавл қаласында мектепке балта алып барып, бірнеше оқушыны жарақаттаған оқушы психо-неврологиялық есепте тұрған.
Бірақ оны мектеп әкімшілігі білмеген..
Бұл жалғыз Петропавлға емес, еліміздің барлық өңіріне тән проблема.
Егер жыл сайынғы міндетті медициналық тексеру шынымен әділ жүрсе, талай оқушы оқшауланып оқытылып, талай педагог педагогика саласында жұмыс істеу құқынан айырылар еді..
2015 жылы былай деппін:
Жыл сайын тамыз айында қала мұғалімдері ұзақ сонар кезекке тұрып, мынау ғимараттан пәлен теңге төлеп, жұмысқа "допуск" алады.
Денсаулығыңды шұқылап тексеріп жатқан адам көрген емеспін. Тек штамп бастыруға ақша төлейсің (Менің тамызда кезекке тұрмас үшін көктемде өтіп қоятын пысықтығым бар).
Менің сан.кітапшама қол қойып, штамп басқан әйел - Қалалық N:3 емхананың флюорографиясы жарамаушы еді.. мейлі енді - деп қинала қол қойды.
Бір қызығы ақша төлегендерге түбіртек бермейді екен, мен де үндемедім.
Орындаушыдан не күтерсің!?
Шымкент Қаласы Әкімдігі мен Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі не айтар екен?
Осы медкомиссиядан өтуді басқаша жасаудың жолдарын іздемесе, мынау ғимарат тек ақша жасау үшін салынған секілді..
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК басшылығы осыған назар аударуы керек..
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





