Мектеп директоры осылай істеп жатқанда, өзге ұлт қазақты оңдыра ма

"Мұғалімге құқықтық көмек" деген уатсап тобымыздағы бір мұғалімнің ащы даусы... "Кім?", "Қай жерде?" деп сұрамай-ақ қойыңыз... Ішім білсін әләуләй...
"Республика Күніне орай, мектеп директорлары ұстаздарды республикалық, облыстық мақтау қағаздарымен марапаттап жатыр ғой. Жақсы бастама әрине, бірақ сол марапат өз қожайынын тауып жатыр ма? Мәселе сонда!
Бір ауыз сөз айтқысы келмей, неге қазақша сөйлейсіз орыс сыныбында сабақ беріп, неге түсініктеме басқа құжатты мемлекеттік тілде жазасыз, "сіз орыс сыныбында сабақ бересіз" деп жүргендерге беріп жатса, не деуге болады? Қайда барып шағымданамыз?
Мектептердің уатсап желісінде өз жұмыс чаттары болады, сонда мектеп әкімшілігі үнемі орыс тілінде жазады хабарламаларды, ал мектептің 50 % ұстазы қазақ сыныбында сабақ береді. Бұл қазақты кемсіту емей немене?
Тәуелсіздік күні неге мемлекеттік тілде құттықтау жазбайсыз деген талапқа, жабылып өзіңнен кешірім сұрауын талап етіп жүргендер енді "мемлекеттік тілді қолдағаны үшін" марапатталып жатыр.
Мектеп директорының ұлты қазақ болып, осылай істеп жатқанда, өзге ұлт қазақты оңдыра ма?
Білмеймін бұл марапатты берген республикадағы тиісті органдарда "сатқын" отырмаса, мемлекеттік тілге "барып тұрған қиянат " жасалынып жатыр, үнемі орысша шүлдірлегеннің бәрі мемлекеттік тілді "бар күшін салып қолдап жатса", біздікі не?"
Айнұр Сабыр
Фейсбуктегі парақшасынан





