Мектептегі әміршіл-әкімшіл басқарудың орнына ұйымдастырушы менеджерлер керек

Мектептегі әміршіл-әкімшіл басқарудың орнына ұйымдастырушы менеджерлер керек

Бүгін Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдерімен кездесіп, әрбір мұғалімнің пікірін тыңдап, жауап берді. 5 сағатқа созылған отырыста алуан пікір айтылды. Айтылып жатқан мәселе көп. Ол жөнінде әріптестер өз ойларын осында жазып та жатыр. Маған бір күн қалғанда қоңырау шалып шақырған болатын. Жиын барысында әріптестерімді тыңдай отырып, ойымды жинақтап, министрге өз ұсыныстарымды жеткіздім.
Бірінші, әлеуметтік желідегі мұғалімнің еркіндігін шектемеу туралы ұсыныс болды. Мұғалім жеке тұлға, ол өз шағымын кез келген лауазымдағы адамға жеткізуге қақы бар деп білемін.
Екінші, мектеп директорларының қоғамда төмендеген имиджін айтып, мектепті басқаруды мұғалім мен оқушының жағдайын жасайтын менеджерлерге беру туралы ұсыныс айттым. Мектептегі әміршіл-әкімшіл басқарудың орнына сапалы білімді ұйымдастырушы менеджерлер керек.
Үшіншіден, мектептегі мұғалімнің сапалы білім беруіне жағдай жасау. Мектепте кең, әрі жарық және компьютер - принтермен жабдықталған мұғалімдер бөлмесі міндетті түрде болу керек. Мұғалімдер қағазын қайда шығарын білмей, сабақтан бос уақытта қайда барарын білмей жүрмесе екен деймін.
Төртінші, сынып жетекшінің еңбегін 10 мың теңгеге бағалау дұрыс емес. Сынып жетекші әрбір оқушымен, әрбір ата-анамен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сынып үшін қаншама жұмыс жүргізеді. Тәрбие сабақтарын ұйымдастыру, сынып есебін тапсыру т.б. толып жатқан жұмыстары бар. Сынып жетекшінің жалақысын кемі 42500-ден 100 мыңға дейінгі аралықта көтеру қажет.
Бесіншіден, Қазақстандағы білім сапасын зерттеп, мониторинг жүргізетін министрлікке тәуелсіз агенттік құрылу керек. Бұл агенттік өкілдері әрбір оқушының білімін тоқсан сайын (ТЖБ) анықтап, қорытынды шығарып отырса, мұғалімнің беріп жатқан білімі нақты көрінер еді. Соның негізінде мұғалімге біліктілік санатын (категория) беруге болады деп ойлаймын.
Алтыншыдан, 5-9 сыныптарға "Әдеп" деген пәнді енгізу. Пәннің мақсаты оқушыға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-анасын сыйлауға, жан-жағына мейіріммен қарауға, табиғатты, жан-жануарларды қорғауға үйрету және телефонды қолдану мәдениетін, әлеуметтік желіні қолдану әдебін қалыптастыру т.б. Қазіргі қатыгез қоғамда балаға қит етсе #111-ге қоңырау шалуды ғана үйретпей, осындай ізгі амалдарды үйреткен жөн болар еді.
Бұл менің ұсыныстарым болды. Министрлік өзіне керегін алып, іске асырар деп ойлаймын.
Министрдің алда атқарылар жұмыстардың ішінде қазақ мектептеріне қатысты айтқанының бастысы 2023-24 оқу жылы мектепке латын әліпбиін енгізу туралы болды. 2023 жылы 1-сынып табалдырығын аттаған бала латын әліпбиімен оқып үйренеді. Қазақ мектептерінде орыс тілі мен ағылшын тілі 2-сыныптан бастап жүретін болады деді.

Мен Қазақтың Баласы (Айбар Абайұлы)

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста