Мен оны сонда да сүйе алмадым. Мен сен секілді қатыгез жауызды жақсы көрем

Сені сүйем
Ол сен сияқты емес. Ол өте қамқор, артық сөзі жоқ. Әрдайым көңіл күйімді сұрап, әбігер болады. Оның бір ауыз сөзінен өзімді әрі сұлу, әрі ақылды сезінем. Рас. Өзімді сезіну деген керемет екен. Сенің жаныңда өзімнен адасып, басы бүтін сенің болмысыңа сіңіп кеткендей ем. Ол үнемі бар ыждаһаттылықпен қас-қабағымды бағады. Не сұрасам да табар еді. Оны күтіп керек емес. Ойлап, уайымдамаймын. Жыны ұстап, орта жолда тастап кетпейді. Оны түк қызғанбаймын. Өйткені, оның бар ықыласы менде. Білесің бе? Мен оны сонда да сүйе алмадым. Мен сен секілді қатыгез жауызды жақсы көрем. Сен қан-жоса еткен жаралы жүрегіммен бүтіндей сүйеді екем...
«Мое сердце всегда будет болеть по тебе»
© Алина Ермолаева, 2020
Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан





