Мен қандай мемлекетте тұрғым келеді?!

Мен қандай мемлекетте тұрғым келеді?!

Өзімнің сұқбаттасушыларыма француз жазушысы Марсел Прусттың анкетасындағы: "СІЗ ҚАНДАЙ МЕМЛЕКЕТТЕ ТҰРҒЫҢЫЗ КЕЛЕДІ?" деген сұрағын жиі қоямын.


"Тұрып, сол елде қалғым келеді, біршама уақыт тұрып, елге оралғым келеді" деген жауаптарды жиі аламын. Бірақ, осындай астарлы сұраққа анықтаушы, қосымша:" еркін, дамыған, демократиялы, айбынды, "көретін",


"еститін" деген сияқты маңызды жауаптарды көбі бере қоймайды. Нақты мемлекетке Канада, Германия, Түркия, АҚШ-ты, т.б. таңдап жатады.


Балаларына жақсы өмірді көрсетіп, міндетті түрде қайта оралғысы келетіндеріне барлығы да басымдық береді.


Енді, ойшыл Прусттың ұстанымына сүйеніп, Мен де қандай елде тұрғым келетінін айтайын:
—табиғатын қорғайтын, полициясы қырғауыл мен ақбөкен атқаны үшін үнсіздігіне ақы алмайтын, сексеуілді отағаны үшін қатаң жазалайтын елде;


—кешкі асыңа қажет қана балық аулайтын, базардағы балық бағасының түсіп кеткенін көргенде мойнындағы алтынының салмағындай ауыр тәтейдің ызадан жарылмайтын елде;


—мен балық пен қымбат вискиді ысырып қойып, жазушы, ақын, суретші, музыканттары және өнерімен бақыт сыйлайтындарын оқитын, таңырқап тыңдайтын, бағалайтын елде;


—мен адамдары сапасыз мектеп, аурухана салып, үкімет қаржысын оңды-солды шашпайтын, асфальт мен бордюрге бөлінген тендерге жеке меншігіне дүкен мен ресторан салып алмайтын, адал еңбегімен өмір сүретін қарапайым адамдар тұратын елде;


—мен ата-анасы өз баласын ұрмайтын, тәрбиешісі мен ұстаздары өзгенің баласын өзінікінен артық қоятын елде тұрғым келеді. Бір қарағанда мағынасыз сияқты, балаларды өзіңдікі, өзгенікі деп бөлуге болмас. Бірақ мен дәл солай болғанын қалар ем. Өзгенікін өзіңдікінен артық қарауды...


—мен сөз —құдірет саналатын: "айттың —орында, орындадың—үндеме" дейтін, сөзі мен ісі дәлме-дәл қабысатын мемлекетте;


—мен адамдары бір-бірінің жетістігіне шынайы қуана алатын елде;


—ғалымдары таксиші боп, қосымша жұмыс істемейтін, студенттері жалақысы жетпей, жалтақтап жүретін оқытушылардан емес, нағыз ұстаздардың мәдениеті мен интеллектісінен тәлім алатын, олар да еліктеп қалың кітаптар жазатын елде тұрғым келеді.


Міне, солай...


Тым болмаса, тағы 10 жыл өтсе де, осындай мемлекетіміз болғанын көргім, соған сенгім келеді!!!
Әзірге, алақанға қысқан көбелектің "өлімі мен өмірі" жайындағы тәмсілдегідей бәрі өз қолымызда...


Автор Анар Изден
Аударған Әдемау Толысбаева

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста