Мені күлдірмеген жігітпен ешқашан бас қоса алмаймын...

Мені күлдірмеген жігітпен ешқашан бас қоса алмаймын...

Күлдіре біл

Бір күні жаңа танысқан бір кісінің үйіне қонаққа бардым. Шай ішіп, әңгіме-дүкен құрдық. Сосын мен үйге жиналдым. Ол болса, "кеш боп кетті, қона салсаңшы" деді. Менің қала салғанымды қалап тұр. Мен бұл сәтте кептеліп тұрған аяқкиімімді қалақшамен итермелеп кигізіп жатыр ем. Әлгі сөзді естігенде қолымдағы қалақшам бір пәске қатып қалды. Мен де тұрып қалдым. Денем түршігіп кетті.
Туфлиімді кидім де, кетіп қалдым.
Сосын аялдамаға кеп, автобусты ұзақ күттім. Қаланың бір басынан екінші басына бір сағат жүріп, үйге жеттім. Автобуста ешкім болмаған соң жүргізушіге жақындау отырдым. Жанымда біреу болса екен деп ойладым. Тіпті сол жүргізуші бәрін біліп, түсініп, маған мүсіркей қарағандай көрінді.
Әлгі автобус аялдамасының қасында бір адам тұратынын түсінеді. Қайратты, қайсар, жан жылуы бар адам. Егер сол сәтте оның үйінде қалсам, ол адам таңертең ыстық кофемен оятар еді. Бәлкім, бутерброд әзірлеп берер ме еді? Ал, мен қазір тастай суық бөлмеме кетіп барам. Себебі, жылу әлі қосылмады, ал үйлер қара тастай суық. Ұйықтар киімімді киіп, сыртынан бір жемпір іліп, қалың нәски киіп, үстіме ең қалың көрпемді жамылып, сыртынан тағы бір көрпеше жауып жатам. Көрпенің астында бүк түсіп, тіземді құшақтап жатсам да біразға дейін денем тоңып, жылына алмай, жаураймын. Түн ішінде жаурап оянам. Өстіп қатып, семіп жатқанда біреу қатты құшақтаса ғой деп ойлаймын. Тіпті кім екені маңызды емес. Әйтеуір, құшағы ыстық адам болса болғаны дейсің. Ешкім құшақтамаса, үсіп өлетін сияқтымын.
Осыны ойлап, автобуста келе жатырмын. Мұны әлгі жүргізуші де түсінеді.
Жаңағы үйде қалғым келді. Бірақ қалуға себебім болмады. Қалсам, жаурап оянғанымда ол мені қатты құшақтар еді. Сосын күнде қоңырау шалып тұрар еді. Ал, мен ауырып қалдым, не қолым тимей жүр деп өтірік айтар ем. Қашан босайтынымды, яки жазылып кететінімді білмес едім.
Себебі, оны көргенде жүрек дір етпеді. Сезім оянбады.
Шын мәнінде мені кім құшақтайтыны маңызды емес деген бос сөз. Маңызды. Адамға жанын түсінетін сыңары керек. Өз адамың. Етене жақының.
Әңгімесі қызық емес жігіттің жанында жүре алмаймын. Ол адам саған сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр, ал сенің ішің пысады. Құлықсыз тыңдайсың. "Солай ма?", "Мәссаған" деп сөзін де бөлуге ерінесің. Ол үндемей қалса, одан сайын жаман болады. Енді сен бірдеңе айтуың керек, ол күтіп отыр. Айтатын нәрсе көп, қызыққа батқан әңгіме де баршылық, тіпті күні кешегі күлкілі жағдайды айтсам да болар еді. Бірақ бұл адамға ештеңе айтқым келмеді. Сөйлегім келмейді. Бәлкім, ол өте жақсы адам. Басқа қызға ұнар ма еді?! Ал маған жақпады. Екеуміз екі түрлі жиілікте, екі түрлі толқында сөйлейтіндейміз.
Мені күлдірмеген жігітпен ешқашан бас қоса алмаймын. Әзілі жоқ ер азамат - ең қауіпті еркек. Мен үшін олар қатыгез тиран секілді. Полозкова жазғандай, "сені күлдірмеген адаммен бір болма".
Кей жігіттер өздері бірдеңе деп, сонысына қарқылдап өздері күліп отырады. Ал сен бетіне қарап, "ааа, мынау қазір қалжың айтқан екен ғой" деп түсінесің. Түсінікті.
Ол жігіт те жақсы адам болуы мүмкін. Сүйкімді, сымбатты, үйін сап боп қалған. Жақында көлік сатып алыпты. Анасына қоңырау шалуды ұмытпайды. Бірақ сен оның жанында күлмейсің. Бәлкім, басқа қыз күлер ме еді, кім білсін? Ал сен күле алмадың.
Құрбың болса, "неге бірден өстисің, аз-кем араласып көрсеңші, ол ұялып-қысылған шығар, сен мұқият қарамаған шығарсың" деп құлақ-миыңды жейді.
Мен оған үш сағат бойы қарадым. Үш сағат. Өз адамыңды бірінші ымынан, алғашқы сөзінен-ақ танисың. Себебі, жүрегің дір етеді. Жаның жадырап, оңай сөйлесіп кетесің. Үндемей қалсаң да оның демін сезініп отырасың.
Сондықтан туфлиімді киіп, кетіп қалдым. Жалғыз ұйықтағаннан қатты жаурасамда.
Жүргізуші мұның бәрін түсінеді.

© Ольга Демидюк

Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста