Менің ойымша 99% адам өз баласы үшін өз лауазымын пайдаланар еді

1941 жыл. Сталинның үлкен ұлы Яков, герман әскерлерінің қолына түскен сәті. Кремльге Яковтың тұтқынға түскені туралы ақпарат жеткенде, Сталин өзінің кіші ұлы Василийдің көзінше: "Яков сужүрек! атылып өлу де қолынан келмеген бе?'" деп айқайлаған деседі ...
Бірақ саясатты сырып тастап, Иосиф Сталинды әке ретінде қарасақ, менің алдымда логикадан тыс іс-қимыл жасайтын әкенің кейпі елестейді. Оның үстіне көп нәрсені, Иосиф Сталин тариx үшін жасаған сияқты. Мысалы, Үшінші Рейx басшылығы, Яковты Сталинград түбінде совет тұтқынына түскен генерал Паулюсқа айырбастау ұсынысын жібергенде, Иосиф Сталин: "Мен қатардағы сарбазды генералға ауыстырмаймын!" деген сұмдық қатыгездік сөзі мәңгі тариxта қалды.
Өзіңізді Сталинның орнына қойып көріңізші. Сіздің үлкен ұлыңыз жау қолында, сіздің қолыңызда жаудың генералы. Сіз патшасыз. Айтқаныңыз мүлт етпей орындалады. Ұлыңызды қайтару үшін жаудың генералына ауыстырасыз ба? Менің ойымша 99% адам өз баласы үшін өз лауазымын пайдаланар еді. Бірақ Сталин ұлын тұтқыннан құтқармай, Яков Сталин 1943 жылы герман концлагерінде қайтыс болады.
Мен Иосиф Сталинның неге солай жасағанын түсінгім келеді, бірақ түсіне алмай отырмын.
#Nordman
Фейсбуктегі парақшасынан





