Мұғалімнің айлығы тым көбейіп кетті - деп сұңқылдап отыратындарға

"Мұғалімнің айлығы тым көбейіп кетті" - деп сұңқылдап отыратындарға менен тегін лайфхак:
1. Екінші жоғары оқу орнына мұғалімдік мамандыққа оқуға түсесіз.
2. Небәрі екі жылда мамандық алып шығасыз.
3. Мұғалім жетіспей жатқан мектепке барасыз да, "мен келдім" - деп табақтай дипломыңызды директордың алдына тастай саласыз. Олар бірауыз сөзге келмей ала салады;
4. 18 сағат и сынып жетекшілік аласыз;
5. Әр сабағыңыздың жоспарын жасайсыз;
6. Сабағыңызды өткен соң, оның әдістемелік талдауын жасайсыз;
7. Арасында прикалываться етіп газетке мақала жазып қоясыз;
8. Сыныбыңыздағы әр баланың басқан шагына басыңызбен жауап бересіз;
9. Олар бұзықтық жолға түсіп кетпес үшін, патриоттық сезімдерін оятып, сынып сағатында и көрген сайын жетесіне жеткізе жалынды-жалынды сөздер айтасыз; И еще әр кездесуде айтқан сөзіңіздің дәлелі ретінде жеке-жеке хаттама жазып қоясыз;
10. Оқушыларыңызды олимпиадаға дайындап, олардың орын алуына бар жағдайын жасайсыз;
11. Бір ерігіп отырғанда оқу-әдістемелік құрал жазып тастайсыз напросто;
12. Сосын мемлекеттің есебінен анда-санда, көбіне өз қалтаңыздан біліміңізді ұдайы жетілдіріп отырасыз;
13. Журнал толтырасыз және сеть ұстамай, загрузка болып қанды ішетін БЖБ, ТЖБ, күнделік толтырасыз; Тағы бір лайфхак, жылдам толтырғыңыз келсе түнгі үшті күтіңіз, сол кезде күндізгіден шамалы жылдам істеуі мүмкін;
14. Біліктілік тестін тапсырасыз;
15. Толғанииииип отырып эссе жазып тастай саласыз;
16. Жеткен жетістіктеріңізді көрсететін портфолио жинақтайсыз;
17. Аттестаттау комиссиясы қарап-қарап, талапқа сай деп тапса сізге аттестатталғаныңыз туралы куәлік береді.
И всё, осыны істесеңіз 300 мыңнан жоғары жалақы сіздікі. Дайынсыз ба, ендеше кеттік.
Ал, әріптестер, тағы не қалып кетті? Толықтырып отырыңыздар.
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан





