Мұқамметжан мырзаның шапағаты
Студенттік кезім, 2014 немесе 2015 жылдың біреуі, ұстап жүрген Самсунг галакси А3 деген табақтай телефоным бар еді. Ақша керек болып көк базарға жалғыз өзім сатуға бара салғам. Ойымда ештеме жоқ. Мегатаудың ішіндегі телефон ремонттайтын, сататын орталығына кіріп аралап жүрмін. Мен қалаған бағада ешкім алмай қойды. Артқы есік жағында тұрған сақалды жігітке барып көрсеттім. Ол кезде дінге жақын едім, сақалды, намазхан жігіттерге сенім мол, алдамайды деген ақ ниет қой. Әлгі жігітім телефонды қолына алып, аударып-төңкеріп қарады. Сосын маған "кеттік, ана жаққа барып тексеріп келейік" деп, артқы есіктен мені ерте шығып кетті. Күмән жоқ еріп жүре беріппін. Бір қоршалған қуыс жерге келдік, турник, штанг-ке толы кішігірім ашық аспан астындағы жаттығу алаңы. Әбден қуысқа келген соң телефонымның экрандағы паролін қайталап сұарап ішін зерттей бастады. Әңгімесі өзгеріп шыға келді. Даусы жуандап "досым мына телефонды сен ұрлап алғансың, сондықтан бұл менде қалады, саған 5 мың берем соған риза болда көтіңді қысып мына жерден тайып тұр" деді. Мен шок болып, қораға кіргенімді сонда білдім.
- жоғи брат, бұл менің өзім ұстап жүрген телефоным, кім айтты ұрлады деп,-деп қоям.
- ешкімде айтқан жоқ, маған по*уи, менде қалды дедім бе болды солай болады, әйтпесе мына жерден аман шықпайсың,-деп доқ көрсетіп, желемді жуан қолдарымен құшақтап ұстап тұр. Екі көзі телефонның ішін ақтарумен мені сөзбен жеп тұр. Содан телефон галереясын ақтарып тұрып бір мүбәрәк фотоларға көзі түсіп кетті де сасып қалды. Ол фотолар бірнеше аптаның алдында ғана Асыл арнаның "Мұнаралы Еуропа" фильмінің тұсау кесеріне досым шақырып қоймаған соң барып, фильмнен соң сол жердегі Мұхамметжан мырзаның жанында жүрген жігіттермен фотолатқанбыз. Бірақ фильмге Мұхамметжан мыразның өзі келмей қалды, бір себептер болды деп түсіндірген.
Әлгі желкемді қысып тұрған жуан мойын дәу жігіт фотоларды көрсетіп "мына жіттерді қайдан танисың ахи" деп сұрап қалғанда, шапағатшыларым телефонның ішінен шыққанын сездімде. - жақын арласатын ахилар ғой, деп қалай айтып жібергенімді білмей қалдым. "ооо, ахи ренжіме жаңағы сөздеріме, сонымен бағасын қанша деп едің?".
- сол қырық мың деп тұрым, студентпін ақша керек болды, деп менің даусым жуандай бастады.
- болды ахи, 35 мың берем және бір простой телефон қосып берейн, жарай ма?" дегенде. Менде қоймай 37мың болсын және поростойыңды қосып бер деп жүріп көндірідім. Әлгі боқауыз жуан мойын желкемді қысып тұрған жуан қолдарыммен арқамды сипалап, бір сәтте өзгеріп шыға келгеніне құсқымның келгенін жазып жеткізе алмаспын. Егер Мұхамметжан мырзамен түскен фотом болғанында үйінде қонақ болып отырар ма едім.
Саудамды бітіп шығып бара жатып ішімнен туф блят, бүйткен имандарыңның шешессс...деп кете бардым.
Мәулен Жанболатұлы
Фейсбуктегі парақшасынан