Мылқау бол, соқыр бол...

Мылқау бол, соқыр бол...

Мылқау бол, соқыр бол...

 

Дүниедегі ең жиіркенішті  де қауіпті нәрсе – ол өсек-аяң десем, қателеспеген болар едім. Өйткені, ел арасына іріткі салатын да, сүттей ұйыған отбасының шырқын бұзатын да, адал достарды жауластыратын да осы өсек-аяң. Өсек-аяңға тосқауыл қою дегенің еш мүмкін емес аксиома екені даусыз. Себебі, жел сияқты ұшып кететін «шайтансөзді» көзбен көрмейсің, жаудың қай жақтан ататынын білмейсің. Былайша айтқанда, мылтықсыз майдан. Сондықтан да өсек-аяңға тосқауыл қоюдың озық бір үлгісі – саналы тәрбие және адамның санасына психологиялық тұрғыда жеткілікті етіп айта білу деп ойлаймын. Осы орайда жуырда өзім куә болған бір оқиғаны тілге тиек ете кеткенді жөн көрдім.

 

Көлік жуу станциясына келген бетім болатын. Сол жерден Серік есімді жақсы танысымды кездестіріп қалдым. Көптен көрмегендіктен бе,  қызу әңгімеге кірісіп кеттік. Сөз арасында әдеттегідей бала-шағаның  жағдайын сұрастырып жатырмыз. Сол кезде ол маған қарап: «Ой, Беке, жақында ана ұл мен келін екеуі ажырасудың сәл-ақ алдында қалды. Алайда, бәрі де құдағиымның ақылдылығының арқасында ғана орнына келді.  Құдағиыма керемет риза болдым...» деп әңгімені өзі бастамасы бар ма. Сөйтсе, ұлы үйге екі-үш рет кештетіп келіпті.  Содан келін екеуінің арасында кикілжің туа бастайды. Бұған қоса келіннің дос қыздары мен тамыр-таныстары да отқа май құйып,   істі насырға шаптыруға тырысады.  Бір күні әбден ызаға булыққан ұл келінге қол көтеріп жіберсе керек. Содан мәселе одан сайын ушыға түседі. Тіпті, келін болған жағдайды шешесіне хабарлап, «ажырасамын» деген шешімін де айтады. Бұндай жайсыз  хабарды естіген шешесі лезде қызының үйіне шауып келеді. Шешесін көрген бетте қызы көз жасын көл қылып, өзіне қорғаныш болады деп арқаланып қалса керек. Алайда, мәселе басқаша өрби кетеді. Сол кезде қызының арызын тыңдап болған шешесі: «Қызым, Марат екеуіңді мен қосқан жоқпын, бір-біріңді өздерің таптыңдар. Не жетпей жүр сендерге? Үй десең үй бар, көлік десең, көлік бар, қызмет десең, ол да бар. Ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқсыңдар. Атаң мен енең де қандай жақсы адамдар. Сондықтан да ана өсекшілердің сөзіне ерме, ондайға құлақ түрме. Олар сендердің осы жүрістеріңді көре алмайтын және бүлінгенге бүлдіргі салатын шайтандар. Алдағы уақытта отбасының берекесін сақтағы келсе, өсек-аяң мәселесіне келгенде ештеңені көрмейтін соқыр және ештеңені естіметін керең бола білуің керек. Осы айтқанымды есіңнен шығарма» депті. Осы күннен бастап екі жастың арасы қайта жарасып, шаңырақтары шаттыққа кенеле бастапты.

 

Шіркін-ай, қандай даналық десеңші! Осындай ақылды да кең пейілді аналарымыз көп болса, ұрпағымыз азбайтын, заманымыз тозбайтын еді ғой...

 

 

 

Бекен Нурахметов

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста