Мына қоғамда қалтаңда ақшаң болмаса, арам өледі екенсің?!

«Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ» дегендей, тәні ауырмағанның дәрігерде несі бар. Міне, анамды жетектеп емхананы жағалағалы да бір ай өтті. Бітпейтін бір анализ, ана емханадан мына емханаға сабылу. Облыстардан келіп, шаршап жүрген науқастар қаншама. Жүйе жоқ. Бәрі ақшалы, тегін дүние жоқ. Мына қоғамда қалтаңда ақшаң болмаса, арам өледі екенсің?! Мемлекеттің халықты емдеу үшін бөліп жатқан қаржысы қайда? Біздегі Медицина халықтың қалтасына түсіп, ауыруын анықталып тұрса да, басыңнан қара тұяғына дейін ақылы анализ тапсыртып, қарапайым халықтың қалтасын қағып отырғандай көрінді маған. Білім саласы анау, медицина саласы мынау, басқа салалар да жетісіп тұрған жоқ. Қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, осыған жауап беретін адам, бақылайтын мекеме барма бізде?..





