Мынандай "ертегіге" қазір бірінші кластың баласы сенбейді ғой. Бірақ, сенетіндер бар екен...

- "Армандар орындалады" деп жазып қойсаң, арманың орындалады;
- Арманыңның бәрін үлкен бір плакатқа жапсырып қойып, соған күнде қарап жүрсең, қалағаныңа қол жеткізесің;
- Үй алғың келсе, сәулетті үйдің суретін көз алдыңа қойып қой, сонда үйлі боласың;
- Машина алғың келе ме? Армандаған машинаңның жанына суретке түсіп, көрінетін жерге қойып қой;
- "Мен баймын, мен баймын" деп күнде айта берсең, қалай байып кеткеніңді білмей қаласың;
- 1 миллион теңге салып, 2 миллион етіп қайтарып алуға болады;
- Көлігің 2 миллион тұра ма? Біз оны 3 миллионға аламыз;
Мынандай "ертегіге" қазір бірінші кластың баласы сенбейді ғой. Бірақ, сенетіндер бар екен. Және олар ересек адамдар. Барлығының ақыл-есі түзу деп ойлаймын. "Каблуковадан" анықтама алып келсе, сөзімді қайтарып алуға дайынмын.
Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан





