Мынау намазхан екен десе қорқа қарайтын жағдайға жетіп қалдық..

Мынау намазхан екен десе қорқа қарайтын жағдайға жетіп қалдық..

Намазхандардан көңілім неге қалды ??
Ру -руға, жер жер жерге бөлінетін қазақтар кейінгі жылдар «Намазхандар» деп бөлінетін әдет шығарып алды. Әсіресе кәсіппен айналысатындар, бір серіктес керек болған жағдайда «мен мына кісіні ұсынамын, намазхан жігіт» деп тықпалай бастайды. Сондағы айтпағы «намаз оқымайтын қазақтардың бәрі алаяқ болуы мүмкін, ал намаз оқитын қазақтарға 100% гарантия)))
Өкінішке қарай сол намазхандардың көбінің алаяқ болып шыққанына куә болып жүрмін.
Ақтаудан Құмарға бір серіктес тауып беруге көмектесу керек болды. Бір туыстарым Қайсар деген намазхан жігіт тауып берді. «5 уақыт намаз оқиды, алласы аузында еш алдамайды” деп. Товарды сатып жіберіп, ақ болды көк болды деп қашып жүр, жарты жылдан астам Құмар ақшасын ала алмай жүр.
Павлодардан Асуан деген бір намазхан тауып алды Құмар. Ол да ақ көк, оллахи биллахи мен қашып- пысып жүр..
Тағы бір Қытайдан келген интернет маркетолог намазхан жігітті алып келді. 5 уақыт намаз, дәрет алудан алдына жан салмайды. Бірақ істеп кеткен қылапатынан, арамдығынан жан шошиды. Ең өкініштісі, алаяқтығын қолынан ұстап бетіне басқанда еш ұялмайды ау.. Арам қылып жасаппын, мұсылманға бұл ұят ау деген кәперіне де кірмейді. Кешірім де сұрамады ау бәтшағар((((
6-7 жас жігіттерді білемін, бәрі бірге жиналып намаз оқиды, мешітке барады, дәрет алады,. Бірақ бір біріне сенбейді, сырттарынан “анау алаяқ, мынау алдап жүр” дегендей өсектің маңында.
Тағы да талай намазхандарды білемін тек пара беріп, тендермен ғана айналысатын. “Параны алған адам да, берген адам да тозаққа барады” деген хадис бар екенін сәнге біледі. Бірақ олар құдайдан да, тозақтан да қорықпайды ау, не құдайға сенбейді ау деген ойға келемін амалсыз..
Осы әлеуметтік желіде отырып алып қорқытып, қоқан лоқы көрсете бастаса, былапыт сөз айта бастасаа бірден білесіз "мынау намазхан" екен деп. Шамасы жетсе "қайдасың, басыңды кесіп алу керек" деп, шамасы жетпесе "жағдайың қиын екен, жауап бересің о дүниеде" деп әйтеу үркітіп қорқытумен болады..
Басқа намаз да оқымайтын, дәрет те алмайтын қазақтар жап -жақсы, ар ұятты аттамай жұмыстарын істеп жүр. Қазақтың «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деген ұстанымымен. Әрине барлық намаз оқып жүрген жандарға жала жабайын деген ой жоқ. Дегенмен енді «мынау намазхан екен, адал жігіт» десе қорқа қарайтын жағдайға жетіп қалдық..
Апам, да әкем де намаз оқымады. Бірақ «Адал еңбек, адал ас, біреудің ала жібін аттамаңдар, өтірік айтпаңдар» деп тәрбиелеп өсірді.. 

Ахметбек Нұрсила
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста