Нағашысына ұқсаған қай баласын қазақ мақтан тұтып еді?

Инстада бір видео жүр. Бала "родственники с папины стороны" - деп туыстарына скромно амандасып, ал нағашы жұртымен без комплексов қуып, құшақтасып, төс қағысып, сүйісіп амандасқанын салып қойыпты. И астына "Жиза ма?" - деп анықтама қосып қойған ғой. Сөйтсе, көбі "Шынымен де неге олай? Нағашы деген жақсы ғой" - деп пікір білдіріпті. Бұл білген адамға өте қауіпті құбылыс, ағайын. Бұл семьядағы беріліп жатқан тәрбиенің дұрыс еместігін айқындайды. Еркегінің ез екенінің, әйелінің би екенінің анықтамасы. Егер, әйелің екі күннің бірінде "Жан, мамаларға барып қайтайықшы" - деп қиылып тұрса, мұрнын тескен тайлақ құсап, алдына түсіп сүмеңдеп қайынжұртыңа балаларыңмен бірге шауып барып тұрсаң, сенің де балаларың өз туысыңнан көрі нағашыларын жақын тартып кетеді. "Мен сүмеңдеп бармаймын, қатын өзі барып-келіп тұрады" - деп шікірейсең де қателесесің. "Төркініме барайыншы деп сұранба. Мен өзім барып қайт дегенде барасың" - де. Всё! Әйеліңе жаның ашығанда, әйеліңнен бір сәт демалғың келгенде жиі дегенде жылына бір рет, дұрысы екі жылда бір рет жіберіп тұр. Жетеді сол. И так та қайын жұртта жылына кемінде екі рет жиын болып түрады. Сол кезде көреді ғой. Ол кезде де самаурынын жинасып, күлін шығарып жүре бермей, жиын біте салып, әйеліңді, бала-шағаңды көк тайқарыңа салып ал да, сразу қайт. Есесіне, өз туыстарыңда жылт еткен жылытпа болса, бір күн бұрын барып жат бала-шағаңды алып. Әйеліңді жеңгеңе, келіндерге қосып жібер. Әңгімесіне араласпа, өз-өздері әңгімелесіп, әжік-гүжік шер тарқатсын. Бірақ, өзіңді, туыстарыңды жамандауға ешқашан жол беруші болма. Еркек бол! Ез болма! Сонда балаларың бауырмал, ағайыншыл болып өседі. Өскенде ағайынның сөзін сөйлейтін, ағайынды ұйытып отыратын, сөз ұстайтын тұлға қалыптасады. Ал нағашысына ұқсаған қай баласын қазақ мақтан тұтып еді?
А так баламның жаман жері болса, нағашыларына тартқан, жылт еткен жақсы қасиеті болса, аумаған өзім. Солай!
facebook.com парақшасынан





