Нартәуекелге баралмайтын адам өмірдің қызығын ешқашан көре алмайды

ҮРЕЙ МЕН ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢУ ЖОЛДАРЫ!
Адамды өмірде жетістікке жеткізбейтін, аяғына тұсау болатын, өзінің шығатын биігіне шыққызбайтын нәрселер олар – Үрей мен Қорқыныш.
Қандай да бір керемет бойында қабілеті, дамитын қасиеті, білімі бар адамдардың өзі өмірінде сәтсіздіктерке ұрынады. Өзінің алатын биігі мен шығатын биігіне шығалмай өмірден алатын сыйын алалмаса оның бірден-бір кеселі ол Үрей мен Қорқыныш. Енді нартәуекелге баралмайтын адам өмірдің ешқашан қызығын көре алмайды. Сондықтан халқымыздың
«Тәуекел түбі желқайық, мінесің де өтесің» деген мақалды бекер айтпаған.
Ал үрей мен қорқынышты қалай жеңуге болады?
Оның бір тәсілі – бір тәуекелге (риск) есептелген, әрине көзсіз емес тәуекелге бара алу. Соның бірі жоғары биіктен (трамблиннен) суға секірсеңіз болады.
Басында 3 метрден секіріп көріңіз. Секіріп, секіріп әбден шынығып алғаннан кейін 5 метрге одан кейін 10 метрге. Бұл тек биіктіктен қорқудан құтылуды әкелмейді. Жалпы өмірде түрлі қорқыныштарға қарсы шыға алуды үйретеді.
Мен өзім осылай түрлі-түрлі биік мұнаралардан секіріп жүрдім. Әрине мен де қорқам, мен де барғым келмейді. Секіруге, бойымда қорқыныш тұрады. Бірақ үнемі қорқып жүретін болсаң, өмір бойы қорқып жүретін боламын. Ал 1-2 рет секіріп үйренгеннен кейін өзіңе деген керемет құрмет туады. Содан кейін өмірдің кез-келген қиындығында тәуекелге бел байлайтын кезде тәуекелге бел байлай алатын боласың, қиындықтарды жеңе алтын боласың.
Сондықтан батырлықты шынықтыруға болады. Батырдан батыл да болып өз тізгініңізді қолға алыңыз.
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





