"Нашар халық болмайды, нашар билеуші болады"...
Шовинизм уы бойына әкесінің қанымен, анасының сүтімен дарыған адам саған адал дос болуы мүмкін, сенің кейбір артықшылығыңды да мойындауы мүмкін.
Бірақ, ол байқұс неліктен сенің артық екеніңді түсіне алмай дал болады. Оның ойынша, сенің одан ақылың мен білімің артық болуы мүмкін емес. Бұл бір аномалия, яғни табиғаттың бір қателігі болуы мүмкін.
Шовинистің ойынша, Қазақстанның тәуелсіздігі "временное недоразумения, которого исправить восставщая империя".
Бұл оның бақыты емес, соры екенін мойындауға оның "ұлылығы" жібермейді.
"Нашар халық болмайды, нашар билеуші болады"...
Иван Грозныйдан бастап, көршіге көз алартпаған билеуші Ресейде болған емес. Өз кезегінде бұл ұлт ділінің қалыптасуына да әсерін тигізбей қоймады. "Бұратананы" өзіне тең ұстаған туысын есінен ауысты деп санайды.
Өзін өзі сыйлайтын мемлекеттер артық дабыра қылмай, астыртын өз аумағын мекендейтін өзге ұлттарды ассимиляция жасау жұмыстарын жүргізеді.
Өкінішке қарай, ол туралы бізде ешкім бас қатырмайды.
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан