Небір ессіз еркек те бар, әйелін көшеде де жұлқылап жүретін...
Бір келіншек есіме түсіп отыр. Сүйген, 3-4 жыл кездесіп жүрген жігітіне тұрмысқа шықты. Келін боп түскеніне 2-3 жыл өткенде үйіне қонаққа бардым. Көзі алақандай боп көгерген. Түрін көрсең, "байғұс, таяқ жепті, көзі шыға жаздапты" деп аямайсың, керісінше күлкің келеді. Өйткені, әлгі келіншектің үйі де тап-таза. Өзі де әп-әдемі киініп, орамалын тағып, тамағын беріп жүр. Арасында әдемі әзілін айтып күлдіреді. Көзінің қалай көгергенін, күйеуі ұрғанын, көзінен оттың қалай шығатынын айтып, жұрттың ішек-сілесін қатырды. Күйеуі де күледі. Әзіл-шынын аралас айтты, ешкім "шынында, неге көзің көгерді?" деп сұрай алмады. Яғни, отбасылық құпия болып қалды. Тіпті, оның көңіл-күйіне қарап, ерімен қарым-қатынасына қарап, ұрғанына да сенбейсің. Бәрі жақсы екенін көріп, қалғанын білгің де келмейді...
Небір ессіз еркек те бар, әйелін көшеде де жұлқылап жүретін... "Жұрттан ұят", "еркектігіме сын" демейтін... Небір ақымақ әйел де бар, күйеуін жамандап, оған не істеу керектігін ел-жұрт, көрші-қолаңмен ақылдасатын...
Ақмарал Алдияр
Facebook-тегі парақшасынан