Неге біз бәрін әйелдің мойнына артып қойдық?

Томиға үнемі няня іздейміз. Неше түрлі қыздар мен келіншектер келеді. “Баланы бағайын” деп емес, “қанша төлейсіз, кредитімді жауып, балаларымды баға алам ба” - деп келеді. Көбісі ажырасқандар. Бәрін күйеуі тастап кеткен, айтуларынша. Бір әйел келді. Бес баласы бар. Кенжесі алты айлық. Күйеуі тастап кеткен. Жаңағы 6 айлық баласын көтеріп келіп тұр. Сіздің қызыңызбен бірге бағайын дейді. Бес балам үйде аш, тамағын тауып беруім керек деп. Сол келген әйелдердің бәріне жаным ашиды. Бәрінің есіл-дерті балапандарын жеткізу. Сонда күйеу, әкенің жауапкершілігі қайда? Неге біз бәрін әйелдің мойнына артып қойдық? Неге әйел ғана баламды жеткізсем деп шырылдайды?
Сондықтан, күйеуге шыққан қыздар, бірден бала көтеруге асықпау керек. Баланы бірінің артынан бірін топырлатып туа беретін заман емес қазір. Жұмысқа шығып, өзіңе көңіл бөлуді ұмытпа. Және табыс тауып, өз керегіңді өзің ала алу керексің. Қанша жерден күйеуің ақша тапса да)
Гүлбану Әниятқызы
Фейсбуктегі парақшасынан





