Неге біз сіңірміз?

7-8 елде болған шығармын. Ең айлығы төмені Өзбекстан еді. Көлігі ең қымбаты да Өзбекстан. Киім кешек пен азық түлігі де ең қымбаты Өзбекстан. Сыртта жұмыс сұрап қаңғып жүргендер де өзбектер. Біз де оңып тұрған жоқпыз. Орташа айлық 400-500 доллардың шамасы болар. Бірақ Қазақстандағы азық түліктің бағасы БАӘ, Германия, Қатар, Түркия, Саудия, Ресей бәрімен бірдей. Бізде жұмыртқа 50 теңге оларда 1000 теңге емес. Картоп та сол баға. Бәрінде шамалас. Бірақ Қазақстанда айлық 500 доллар болса, Қатарда 15 000 доллар.
Неге біз сіңірміз? Себеп көп. Біріншісі жемқорлық әрине. Кедейліктің бір белгісі біздегі көліктің бағасынын да қымбаттығы. Көлік қымбат болса халықтың табысы соған кетеді. Жаңасына қол жеткізе алмағаны ескісін мінеді. Ескі көлік, ол сол шығын. Бұзылады жөндейсің. Кедей елдердің ортақ проблемаларының бірі ел байлығының көбісі оффшорлық счетпен сыртқа шығады. Замануи салықтан жалтару. Оны жасайтын да сол биліктің өзі. Мемлекеттің кірісі тең бөлінбейді. Байлар мен кедейлер арасы алшақтап кетеді. Уақыт өте келе алшақтай береді.
Кедейліктің шығу жолы бар ма? Әрине бар. Бірінші орта тапты қалыптастыру. Мемлекеттің негізгі тірегі орта тап. Заң бәріне бірдей ортақ болу керек. Миллиардтап ұрлаған Қайрат Сатыбалды 6 жылға, ауылда қой ұрлаған адам 10 жылға сотталса не әділдік күтеміз. Түрме бәріне ортақ болу керек. Қазір түрмеде қатты төбелесетіндер емес, ақшасы көптер авторитет. Жемқорлық ол мотивация. Ақша көп жесең түрмеде кола ішіп, ет жеп кекіріп отырасың.
Өткенде президент бірінші рет орта тапқа көмектесу керек деп жолдауында айтты. Орта тап қалыптасса айлық та, бәсекелестік те артады. Студенттер мен айлықты 20%-көтерсең оны инфляция жеп қояды. Сосын билікке қарапайым адамдар бару керек. Жәй жәй оған да келіп жатырмыз. Саясат Нұрбек, Дархан Қыдырәлі сияқты халықтың ортасынан шыққандар минстрлікке келіп жатыр. Бірақ аз. Сіңірлерді де билікке тарту керек. Билік пен халықтың арасы алшақтап кеткен. Бір бірін түсінбейді. Мына жерден ойланғанымды жазғаным ғой.
Фейсбуктегі парақшасынан





