Одан əкем де , бізде наркоман болып кеткен жоқпыз.

Мен осы постты жазуға мəжбүр болып отырмын. Себебін кəзір білесіздер. Суретте кəдімгі көкнəр. Билік оны наркотиктер қатарына қосып қойғандықтан оны егу қылмыс болып табылады. Бұрын əкелеріміз есік алдындағы бақшағы он шақты түбін егіп , қауашағын жинап алып жыл бойы өзін өзі емдеп жүретін . Хакім Лұқпан " аптасына бір рет төсек , айына көкнар ішкен , жылында бір рет қан алдырған адам ұзақ өмір сүреді " деген дейтін.
Əлі есімде тұмауратып , салқын тиіп , ангинамыз көтеріліп ауыра қалсақ , əлгі қауашақты қайнаған суға салып , дайын болған қоспадан аузымызды толтыртып ұрттатын да жатқызып тастаса таңертең түк болмағандай тұрып ойнап кететінбіз.Менің балаларыма да ішкізіп талай емдеген. Одан əкем де , бізде наркоман болып кеткен жоқпыз. Менің айтпағым , дəл солай өз бақшамызға аздап егіп алып емделуімізге неге рұхсат бермеске. Оны ( көкнарды) осындай тиым салынғандықтан өте қымбат бағаға сатып біреулер баюда. Менің осы осыныма сіздер қалай қарайсыздар, əлде дұрыс емес пе?
Фейсбуктегі парақшасынан





