"Ой, қойшы, бұл қырта береді!"

Ұлтқа керек идеяларды елге танымал азаматтарға (қоғам қайраткері, ақын, лауазымды қызметтегі абыройлы тұлға) айтып жүрген дұрыс екен. Сенің айтқаныңды беделді жігіттер көпшілік алдында өңін өзгертіп айтқан кезде xалық (кейде билік) іліп әкетеді. Соңғы жылдары бірнеше рет сондайға куә болдым. Сондықтан "Бұл менің сөзім, менің идеям еді ғой?!"деп кейімеу керек.
Ал өзің айтсаң, тыңдаушылардың көзінен "Сен кім едің?" деп амалсыз құлақ асып немесе "Ой, қойшы, бұл қырта береді!" деген сыңай танытып, жүре тыңдайтынын байқайсың.
Абай айтпақшы, "Ешкім дәмін тата алмайтын шыңыраудағы мөлдір су (шәкірті жоқ профессор, ерткен інісі жоқ қайраткер) болғанша, әркім пайдасын көретін жайдақ су болған" жөн-ау.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу