Ойбай, мына қыз төсіне носки тығып алыпты...
Жиырма адам бір кабинетте отырғасын шығар, бір-біріміздің проблемамызды, не ішіп жейтінімізді, қашан әжетханаға баратынымызға дейін жақсы білеміз.
Күн суыта бастаса дірдектеп отырған айғырларға дауысымды көтере сөйлеп " Гамаж киіп келдіңіздер ме? "- деп қалжыңдаймын. Үндемегені жымиып, аккөңілдері бүкілінің көзінше балағын көтеріп, бірі ышқырынан гамаждың ұшын шығарып кигенін дәлелдеп жатады.
Шалбар ыңғайлы болғасын шалбарланамын да жүремін.
Осы қыздың көйлек кигенін көрмеппін. Киіп келші деп қиылады бірі.
Бір күні ауданда бір іс-шара өтетін болып,
үйде тұрған көйлектің бірін кидім. Сатып алғанда жап-жақсы жарасатын еді. Тым арықтап кеткенмін бе қайдам, көйлегім огородтағы тақтайға кигізген киімдей салаңдады да қалды. Көйлек кимесем болмайды. Ұятты жиналыс . Қалай да кию керек.
Не істерімді білмей, айнаның алдында әбіржіп тұрып, көзім анадайда ұйықтап жатқан баламның аяқ жағында жатқан шұлығына түсті.
Керемет идея. Жасанды не қалмады дейсіз? Екеуін алып екі жақа тыға салдым. Жараса қалды. Риза болып қайқайып жұмысқа келдім. Комплименттер үстін-үстін жауып жатыр. Ирелеңдеген күйі әріптес фотографтың жанына барып "Қалай күшті ма? " демеймін.
~ Носки тығып алғансың ба?
~И жоға!
Ішімнен бұл қайдан біледі? Носкидің ұшы шығып қалып, масқара болып қалмайын.
-Кезінде әзілдеп әбден көресіні көрсеткенмін ғой.
Кек алғысы келгендей бәріне естірте айқайлай жөнелді.
Ойвай мынау төсіне носки тығып алыпты.
Міне содан бері носки тықпайтын болдық ))))
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан