Ойланыңыз, садақа деп бергеніңіз біреудің алаяқтығын қолдау боп жүрмесін

Ойланыңыз, садақа деп бергеніңіз біреудің алаяқтығын қолдау боп жүрмесін

Садақа - біздің қазақ үшін дәстүрге айналған құндылық. Сұрағанның бетін қайтарып, кеудесінен итеретін қазақты өте аз көретініміз де сондықтан. Жарайды қайыр садақа беру мұсылман ісі делік. Бірақ, бүгінде қайыр сұраушылардың да әр алуан түрі және формасы бар. Біреулер өмірдің тауқыметін көріп, көмек сұрап жүреді. Ал, біреулер қайыршылыққа тәңертең барып, кешке қайтатын жұмыс ретінде қарайды. Яғни, оңай табыс табатын кәсіп көзі, баюдың реті. Қайыршы кепке кіреді. Олар үшін ұсқынсыз кейіпте алақан жайып мөлие қалсаң болды, теңге мен тиын құйыла береді, құйыла береді... Қазақтың көңіл жықпас, аямпос дарқандығы қосылсын. Әп-сәтте табыскер болаткетпек. Бұл бір ғана формасы.

Көмек сұраудың да сан түрі бар. Өздігінен жүргендері оқырманға түсінікті. Істің ретін тапқыш кейбір пысықайлар маскүнем, үйсіз-күйсіз қалған бомждарды жинап алып, азанда қала шашып кетіп, кеште теріп ап қайтады екен... Жақсылық па, айлакерлік пе? Ажырату қиын, әрине.

Бүгінде есігіңізді қақпай, алдыңызға кеп алақан жаймай-ақ, ауру-сырқаумын, әлеуметтік жағдайым төмен, мұқтажбын деп жылап-еңіреген, әж парақшаларына тел. нөмерін,есеп шот нөмерлерін көрсетіп, көше бойларындағы тал-дарақтарға, үй қабырғалары мен аялдамаларға "жарнама" жапсырып, қайыр сұрайтын қағаз қайыршылар мен интернет мүмкіндігін пайдаланатын электронды қайыршылар бар.

Мұқтаж еместердің көшеде алақан жайып қайыр-сахабат сұрап отырғаны секілді, қағаз қайыршылар мен электорнды қайыршылардың ішінде де алаяақтар жетерлік.
Ендеше, заңды сұрақ туындайды; кімге береміз? Қайсысы шынайы мұқтаж.

Осы орайда әр кім адал еңбекпен тапқан ақшасын орынды жерге жұмсағысы келетіні адамдық кодекстің жазылмаған тармағы іспетті. Садақа да соның қатарында.

Ойланыңыз, садақа деп бергеніңіз біреудің алаяқтығын қолдау я болмаса әлде кімнің арам пиғылына салынған инвестиция боп жүрмесін.

Осындпйда, қайыр сұраған адамдардың документтеріне де қараған дұрыс. Аурудың диагнозы, кемсаулықтың мүгедектік куәлігі, т.т. болады дегендей

СОНЫМЕН:
Садақаға да жауапкершілік керек.

Оразбек Сапархан
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста