Ойын өз тілінде жеткізуге үйретпегені үшін жазғыратын заман келеді әлі...

Менің бір апайым бар (таныс мұғалім). Баламды оқытшы деп жүретін. Жарайды деп қоя саламын. Бір күні қай күндер ыңғайлы деп сұрап, баласының ағылшыны орташа екендігін айтып жатсам, апайым (мұғалім): маған орысша да, ағылшынша да керек емес. Балам қазақша сөйлейді, бірақ оның сөзді көркемдеп, ойын дөп жеткізетіндей тілі бай болғанын қалаймын дегені. Өңкей орыстілділердің ортасында өстім. Айтар ойымды өз тілімде толық жеткізе алмаймын, үйде бәріміз тек қазақ тілінде сөйлейміз, бірақ балам өз ұлтының тілінде көсіліп сөйлегенін қалаймын, мен сияқты тілі мүкістей болып, тұтығып қалғанын қаламаймын - деді...
Дұрыс шешім. Себебі, балалары ата-аналарын өз тілінде сөйлетіп, білім алып, ойын өз тілінде жеткізуге үйретпегені үшін жазғыратын заман келетін болады әлі...
Akerke Seitqasymqyzy
Фейсбуктегі парақшасынан





