Ойыңа млрд-тарды жұтып – есебін бермей жүрген шенеуіктер түсіп кеткенде қанқысымың көтеріліп кетеді, ә?

Бейнероликте боқтық сөздер бар екенін ескертемін!
Екі қыз екі бауырын ертіп кафеге кірген.
Тамақтанып болып — ақшасын төлейтін кезде банк картасын қабылдайтын pos-терминал сұрайды.
Кафе иелері ақшаны каспи приложение арқылы төлеуді талап еткен.
Осыдан басталған ерегісте полиция қызметкерінің шарасыздық танытқаны—олардың өздері де осы кафеден тамақтанатын болса керек.
Ағайын!
Қай жерге барып жасаған саудаларың үшін банк-картасы мен есеп айырысыңдар!
1. Бонус аласың.
2. Бюджетке кірістеліп – кейін өз өміріңнің жақсаруына жұмсалатын қаржыны қамтамасыз етесің.
«Терминал жоқ, наличка беріңізші. Болмаса приложение мен аудара салыңыз» дегенге келіспеу керек!
Азаматтық позицияңызды осылай қалыптастырсаңыз, кейін көлеңкелі экономика істеріне жол бермейтін боласыз....
... деп жазып келесіңде, ойыңа млрд-тарды жұтып – есебін бермей жүрген шенеуіктер түсіп кеткенде— қанқысымың көтеріліп кетеді, ә?
Тортуыл Шоқан
Фейсбуктегі парақшасынан





