Оларға жай мұсылман емес, сарбаз керек...

Біздегі уахабист, салафит, гуленші, сопы деген секілді таз кепешті киіп алғанның бəрі менің көзіме құрбандыққа шалынатын тоқты секілді көрінеді. Шопаны қайда айдаса, сонда өреді... Араларында сүзеген қошқарлары бар. Солар жөн сөз айтқан адамды мүйізімен түртпектеп жүреді. Ол аз болса, не ыстық, не суыққа төзбейтін серкелері бақылдайды.
Мұндай тəуелді өмірдің не керегі бар?
Құдайға тəуекел ет те, топтасқан ортадан азат бол! Адамның мұсылмандығы жамағаттың қалыбымен өлшенбейді. Жамағат болған жерде саясат пайда болады. Демек, сен мұсылман емес, саяси белсендісің. Кез-келген діни ағым қарапайым қазақты емес, ұлттың қаймақтарын өз сапына тартқысы келетіні де сондықтан. Оларға жай мұсылман емес, сарбаз керек.
Қазақты қазаққа қарсы қойып, "қойын" қайырып жүре бермек, біреулер... Осыны түсінуге ақылы жетпеген ағайынға жаным ашиды. Ал, олар болса "ақиқатты тани алмады" деп мені мүсіркеп жүр.
Қанат Әбілқайыр
Facebook-тегі парақшасынан





