Өмірдің әр сәтінен ләззат ала білуді үйрену-ең ұлы білім!

ОЙТОЛҒАМ⠀
Өмірдің әр сәтінен ләззат ала білуді үйрену-ең ұлы білім!
Сіз қоршаған әлемнің кез келген секундта жоқ болып кетуінің, жақсы көретін адамыңыздан бір ақ секундта айрылып қалуыңыз мүмкін екенін шынайы сезініп көріңізші. Өзіңіздің де бір сәтте өліп қалуыңыз мүмкін екенін де сезініңіз! Сол кезде реніш пен өкпе жоғалып, махаббат қана қалады. Сіздің өмірге деген махаббат сезіміңізді ешкім және ешнәрсе бұза алмауы керек! Өмір деген керемет сый, оның әр сәтінен ләззат ала біліңіз!⠀
Түкке тұрмайтын бірдемелер үшін, жақын жандарымызбен алысамыз, жұлысамыз, ренжісеміз!
Болмас нәрсені уайымдап, жоқтан өзгеге ашуланамыз!
Ұсақ түйеке бола өкініп, жүйкемізді құртамыз!⠀
Өмірден өтіп кеткен жақындарыңыздың қылығын еске алыңыздаршы! Алысты, жұлысты, жанталасты, арпалысты! Содан не тапты? Өтті де кетті жалған өмір!
«Тіріде сыйласпаған ағайын
Құм құйылсын көзіңе
Өлгеннен соң жылама»
деген екен Махамбет бабамыз.⠀
Өмірдің әр сәтін және жақын жандарды тіріде бағалау керек!
Бір сәт мен жоғарыда айтқандай бір-ақ сәтте бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін екенін сезініп көріңізші! Өмірге басқа көзқараспен қарайтын боласыз! Өміріңіздің әр сәтін бағалаңыз!
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





